Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай: Қайрат пен Жұлдыздың бір-біріне деген махаббаты ыстық екен

Аша Матай әріптесі Қайрат Нұртастың жарын алғаш көргенде қандай әсерде қалғанын жеткізді. Аша Қайраттың келіншегінің мінезіне тәнті болғанын айта келе, жұлдызды жұптың бір-біріне деген ыстық махаббаты туралы сөз етті.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Жұлдызды Салтанаттың туған күнінде бірінші рет көрдім, бұған дейін ешқандай кештерде кездескен емеспіз. Сол жерде таныстым, өте ақылды, сыпайы қыз екен. Біз бірге отырып қалдық, өте жақсы қыз екен.

Бұрын Жұлдыз жайлы естігем, себебі Салтанаттың жақын құрбысы. Салтанаттың өзі айтып жүретін, өте қарапайым, керемет, тәрбиесі де керемет деп. Расымен солай екен, сол кеште танысқанымда бірден байқадым”, – деп түсіндірді Аша.

Ашаның пікірінше, 10 жыл бойы жасырса да, Жұлдыздың Қайратқа деген махаббаты сөнбеген, керісінше еселене түскендей…

“Бір-бірлеріне деген махаббаттары соншалықты ыстық екен, сезімдері, бір-біріне деген көзқарастары, құшақтағаны, бір-бірін аңсап, күткендері… Қайрат ән айтып жатқан кезде Жұлдыз қасына жақындап, екеуі бір-бірін құшақтап, сезімдері сондай жылы, махаббаттары берік екенін түсіндім”, – дейді Арман Қоңырбаевтың келіншегі.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғали көңіліне кірбің түсірген әріптестері жайлы бар шындықты жайып салды

Нумеролог: Қызқұмар Айқын үшінші рет үйленуі мүмкін

Танымал нумеролог: Қайрат Нұртасқа табыс алып келген оның жары Жұлдыз

Айдарқұловтың экс-жары әзілкешпен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты

Талқылау