Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсет Исекешев Олимпиада жүлдегерлеріне жол талғамайтын көлік сыйлады (фото)

Олимпиадашылар Отанға оралды. Төртжылдықтың басты додасы Олимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған жерлестеріміз мінген ұшақ бүгін таңда Астана әуежайына қонды. Қазақстан қоржынына жалпы саны 17 медаль салған атлеттердің жетістігі шынымен көңілге қуаныш ұялатады.

1c2f99b47b01b899faedd52375e72ea5

Фото: BNews.kz

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Чемпиондар мен жеңімпаздарды әуежайда жүздеген астаналық жанкүйер қызу қолдау көрсетіп, барлық сән-салтанатымен қарсы алды. Түн жарымда Астана әуежайына жиналған жанкүйерлердің қарасы қалың. Олимпиада саңлақтарын барлық сән-салтанатымен күтіп алу үшін олар тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Спортшылардың жолына тағатсыздана қараған жанкүйерлер әуежайдан алғашқы атлеттер аяқ басқан сәттен бастап құттықтауларын жаудырды. Осы қуанышты мезетте бір жарым тәуліктік ауыр жолды еңсерген спортшылар шаршағандарын ұмытып, туған жердің ауасымен кең тыныстады. Алдымен Рио төрінде шаршы алаңның шаңын шығарып, 69 келіде алтын алған Данияр Елеусінов сөз алды.

bfaf8d619a4a157adf4f3a4638b74464

– “Бапкерлеріме үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жеке бапкерім – әкеме. Бас бапкерлер, аға жаттықтырушыларға. Олардың ішінде дәрігерлеріміз де бар, массажисіміз де бар, биохимик, психолог – осы кісілердің барлығының еңбегі бар. Қолдауларыңызға рақмет. Сіздерді қуантқанымызға, арманымызға жеткенімізге өте қуаныштымын. Команданың атынан сіздерге рақмет”, – дейді Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов.

Әрине, Даниярмен бірге өзге салмақта да олимп шыңын бағындыруға біздің боксшылар лайық еді. Алайда бабы жарасқанымен, бағы байланған боксшыларымыз чемпиондықтан сүрініп жатты. Арық сөйлеп, семіз шыққанды жақсы көретін бас бапкер Мырзағали Айтжанов та әу баста басқа нәтиже күткенін жасырмады.

Мырзағали Айтжанов, бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері: – “Әрине, біз кетіп бара жатып, екі алтын дегенбіз. Енді, өздеріңіз көргендей, бір алтыннан айырылып қалдық. Ал команда өте жақсы өнер көрсетті. Біз жігіттерімізге ризамыз.

cb5f5ab3b5ef81487efbd41d4d160708

Төртжылдықтың басты бәсекесінде қазақстандық балуандар жарады. Дәлірек айтсақ, әйелдер күресінің айы оңынан туды. Тәжірибелі ардагер балуан Гүзел Манюрова күміспен күптелсе, Эльмира Сыздықова мен Екатерина Ларионова қоланы қанағат етті.

– “Қыздар жарады. 4 қыздың үшеуі медаль алды. Және бесінші орынды да жүлделі орын деп санаймыз Олимпиадада. Енді Қазақстан Республикасының қыздар күресіне үлкен серпіліс берді деп ойлаймын” – дейді әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев.

82f1f953a783a800a94ac21d9f58d006

Жас буындағы қыз спортшыларымызға. Алда талай Олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында қайталаймыз деп ойлаймын. Жалпы, Олимпиадада қоржынға жүлде салған кез келген атлетке батырға лайық құрмет көрсету елімізде дәстүрге айналған. Биыл да сол бастама аяқсыз қалған жоқ.

Атлеттерді түн жарымда әуежайда қарсы алған Астана әкімі Әсет Исекешев байрақты бәсекеде елорданың атынан өнер көрсеткен Данияр Елеусінов, Гүзель Манюрова және Василий Левитке су жаңа темір тұлпардың кілтін ұстатты. Бұл негізгі сыйлыққа қосымша тарту деуге болады. Өйткені Олимпиада жүлдегерлерін оған қоса елордадан жаңа пәтер мен 250 мың АҚШ долларына дейін сыйақы күтіп тұр. Осылайша ұшақтан түсе сала жеңімпаздар өз көліктерін тізгіндеп, үйдегі туғандарына асыға жол тартты.

Жіберіп алмаңыз:

Олимпиадада «қола» жүлде алған Сыздықоваға пәтер сыйға беріледі

Олимпиада чемпионына 250 мың АҚШ доллары және үш бөлмелі пәтер беріледі

Левитке Олимпиада алтынына берілетін сыйақы табысталады

Талқылау