Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсел Сәдуақасова қалыңдық көйлегін көрсетті

Танымал қазақстандық актриса, тележүргізуші әрі продюсер Әсел Сәдуақасова қалыңдық көйлегін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

15803057_557742777758716_6202615945807003648_n (1)

Жасы 30-дан асқан актриса әлі тұрмыс құрмаған. Алайда бірнеше жыл бұрын оның жеке өмірінде кезіккен қиыншылықтарын ел жақсы біледі.

30-ға келіп тұрмысқа шықпай қалған қатарластарының мұңын фильм арқылы жеткізген Әселдің болашақ өмірлік серігін кездестірген-кездестірмегені белгісіз. Ол туралы актриса ештеңе айтпады. Ал аталған сурет кезекті жарнама болуы да ғажап емес.

Не де болса желі оқырмандары Әселге қалыңдық көйлегінің жараса кеткенін атап өтті. Көпшілік Сәдуақасованың тезірек тұрмыс құрып, әйел бақытына бөленуін тіледі.

Өнердегі жолын әншіліктен бастап, тележүргізушілікпен қоштаған Сәдуақасова біраз уақыт бұрын кино саласына түбегейлі бет бұрды. Тіпті, енді ән айтқысы келмейтінін, бар күшін кинематографияға сарп ететінін мәлім етті. Сөйтіп, көпшіліктің көңілінен шыққан «Адель», «Замуж в 30» (продюсерлік етті әрі басты рөлді сомдады) фильмдерін жарыққа шығарды.

Жіберіп алмаңыз:

Атышулы Ninety one тобының тағы бір концерті өтпей қалды

Тыңдарманы Бүркіт пен Айшаның ұлының анасынан аумайтынын байқап қалды (фото)

Қайрат Нұртас сүйіктісіне халықтың алдында ұсыныс жасағысы келетінін айтып қалды

Баян Есентаева: Қазіргі 20 жастағы қыздар – нағыз қасқырлар

Талқылау