Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас сүйіктісіне халықтың алдында ұсыныс жасағысы келетінін айтып қалды

Қайрат тыңдармандарына тек ән сыйлап қана қоймай, киімдерін таратып жүреді. Әр концертінде міндетті түрде үстіндегі пиджагын көрерменге табыстайды. Бұл жолы ол досына өз концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасауға мүмкіндік берді. Мұнымен қатар, ол да өз сүйіктісіне осылай ұсыныс жасағысы келетінін айтып қалды.

142468840374gs7

Фото: Comode.kz

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Әнші биші қыздардың бірін сахнаға шақырып, халықтың алдында үлкен экраннан видео тамашалатқызды. Артынша қыз бен жігіттің ортасында жүгіріп жүріп, ауыздарына микрофон тосты. Бойжеткеннен “Тұрмысқа шығуға келісесің бе?” деп сұрады. Ол өз кезегінде “Иә” деп жауап берді.

“Мен досымның өтінішіне келістім. Ол жердегі қыздардың ешқайсысы білмеді. Аяқ астынан болды. Өздеріңіз көрдіңіздер, қыз көзіне жас алды. Екеуі бақытты. Қандай жан болсын, осыншама халықтың алдында өзінің болашақ жарына ұсыныс жасауды армандайтын шығар. Мен де солай істегім келеді негізі. Әркім солай істегісі келетін шығар. Сондықтан керемет болды деп ойлаймын”, – дейді Қайрат Нұртас.

Ал қос ғашық өз кезектерінде әншіге алғыс айтты. Бойжеткен мұндай ұсынысты мүлдем күтпегенін тілге тиек етті. “Маған жақсы идея ұсына білетін достарым бар. Оның үстіне отбасын құратын уақытымыз да келіп қалды”, – дейді жігіт.

Әлі күнге дейін Қайрат Нұртастың отбасының бар-жоғы белгісіз. Десе де, Сиви Махмұди сұхбаттарының бірінде оның заңды жұбайының және баласының бар екенін айтып қалған-ды. Артынша Гүлзира Айдарбекова отандық бағдарламалардың бірінде келінін халыққа ағымдағы жылдың көктем мезгілінде таныстыруға уәде етті.


Жіберіп алмаңыз:

Тәуекел Мүслім ұятсыз көріністері бар телехикаяға түсіп жатыр

Баян Есентаева Вьетнамда Карина Абдуллинаның портретін көріп таңғалды (видео)

Баян Есентаева: Қазіргі 20 жастағы қыздар – нағыз қасқырлар

Әкесін сағынып қабағы ашылмаған Сәдуақасованың ұлы желіде қызу талқыға түсті (фото, видео)

Талқылау