Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұxамедиұлы допинг дауына іліккен спортшыларымызға қатысты пікірін білдірді

Халықаралық Олимпиада комитеті Лондон және Бейжің Олимпиадасының жүлдегерлері Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Таймураз Тигиевтің жүлделерін қайтарып алу туралы ресми түрде шешім шығарған еді.

818006

Осыған байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының пікірін білген едік, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бұл құқықтық сұрақ. Қазір xалықаралық құқық бойынша білімімізді жетілдіріп жатырмыз. Өйткені мұндай жағдай Қазақстанда бірінші рет болып жатыр. Бұл өте күрделі мәселе. Жақын арада xалықаралық тәжірибені ескере отырып, бұл мәселені шешеміз деген ойдамыз», – деді Арыстанбек Мұxамедиұлы.

«Біз xалықаралық тәжірибені зерттеп жатырмыз. Бүгін Подобедова, Чиншанло, Манеза, Ильинмен кездесеміз. Спортшыларды далада қалдырмайтынымыз анық», – дейді ол.

Кеше Светлана Подобедова алтын медалін қайтармайтынын айтқан еді. Осыған қатысты министрге сауал қойдық. Алайда, Мұхамедиұлы бұл сұраққа тұшымды жауап бере алмады.

«Халықаралық тәжірибені оқуға уақыт беріңіздерші. Субьективті түрде сырттарынан пікір айта алмаймыз. Егер xалықаралық тәжірибеде спортшылардың медалін қайтармайтын бап болса, онда көмектесуге дайынбыз. Түсінесіздер ме? Мұндай жағдай Қазақстанда алғаш рет орын алып отыр. Өзіміз де абдырап қалдық», – дейді мәдениет және спорт министрі.

Бұған дейін үш спортшының медалінен айырылғанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Жынысын ауыстырған дағыстандық жігітті жерлестері өлтіріп тастады (фото)

Канадалық азамат бейтаныс қызға бауырын беріп артынша оған үйленді (фото)

Парижде бойжеткен Вегандар күніне орай көшеде жалаңаштанып жатты (видео)

Жігіттің қалтасындағы электронды темекі жарылып оны ауыр жарақаттады (видео)

 

 

Талқылау