Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Армян фотографы Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің танымал туындысын сыйламақ

Армения президентінің жеке фотографы Давид Акопян туындысын Назарбаевқа сыйға тартпақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Давид Акопян Нұрсұлтан Назарбаевты қалай сәтті ракурста суретке түсіргенін айтып берді.

«Біз мемлекет басшыларының кездесу үшін залға өткенін күттік. Осы кезде сол жерден басқа жұмысшылар өтіп жатқандықтан, өзім үшін жарықты реттедім», – деп атап өтті ол.

Давид Акопян 7 жылдан Армения президентінің жеке фотографы болып жұмыс істейді. Оның барлық кездесулеріне, соның ішінде Қазақстан президентімен бірге өткен іс-шараларға да қатысып келеді.

«Мен қандай фотокадр алатынымды көз алдыма елестеттім, бірақ дәл осылай суретке түсіремін деп ойлаған жоқпын. Шынымды айтсам, мына сурет маған қатты ұнайды», – деді армян фотографы.

Давид Акопян Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін өзінің Facebook пен Instagram парақшасына жариялады.

«Бұл суретті интернетте осылай тарап кетеді деп ойламаппын. Бүгін таңертең оянғанда бүкіл Қазақстанға танымал болдым. Қазір менің Facebook-тегі парақшамда армяндықтардан гөрі қазақстандық достарымның саны көп», – деді ол.

Таңертеңнен бері фотографқа қазақстандық журналистер хабарласып жатыр екен. Давид Акопянның түсірген суреті армяндық әріптестерінің де, француз журналистерінің де қызығушылығын тудырған.

«Мен бұл суретті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқым келеді», – деп мәлімдеді Армения президентінің жеке фотографы. Давид Акопян таяуда болатын іс-шараға өз елінің президентімен барған кезде бұл туындысын сыйға тартпақшы.

Тағы да оқыңыз:

Ашуға булыққан жігіт мүгедек арбадан тұрып кетіп досын қуа жөнелді

Мұратхан Тоқмәди келісімге келіп, жазасын жеңілдетіп алды

«Каспий банктің» күзетшісі қарақшылармен бірге 4 млн теңге ақша ұрлаған

Талқылау