Арман мен Аша: Екеуміздің әндеріміз бір-бірімізге арналған

Арман мен Аша өзге әріптестерімен салыстырғанда жиі ән жазбайды. Әсіресе, Аша әншілікті әлдеқашан тастаған. Тек ара-тұра жарымен бірге ән салатыны бар. Соған қарамастан, көпшілік бұл жұпты жақсы көреді, жастар үлгі тұтады, деп жазады Stan.kz.

КТК арнасының “Әнім сен едің” бағдарламасында Арман мен Аша отау құрып жатқан жастардың гимніне айналған “Жараламағын” әнінің туу тарихы жайлы айтып берді.

“Екеуміздің барлық әндеріміз бір-бірімізге арналады. “Жараламағын” әнінің шығу тарихы қызық. Оның әнін екі композитор жазған, бірі Қырғызстандық сазгер Нияз Әбдіразақов, екіншісі Тілек есімді азамат.
Қайырма бір жігіттікі, ал шумақтары мен аранжировкасы екінші жігіттікі. Сөзі Мирас деген жігіттікі. Әніміз көп емес. Осы ән халықтың көңілінен шықты, клип түсірілді. Өзімізге де қатты ұнайды”, – деп атап өтті Арман.

“Мәтініне көңіл аударсаңыздар, шынында біздің махаббатымыз жайлы жазылған”, – деп қоштады жарының сөзін Аша.

Бір-біріне ғашық болып отау құрғанымен, дуэт жазу идеясы Арманда да, Ашада да болмаған.

“Ғаламторды ашсақ, көптеген Ашаның, Mysterions-тың тыңдармандары “Неге дуэт жазбайсыңдар?” деп пікір қалдырған. Ұсыныс көбейген соң, жазып көрейік дедік”, – дейді Арман.

“Халық ұсыныс тастады, біз қабыл алдық. Қазіргі таңда “Жараламағын” әні үйленіп жатқан жастардың гимніне айналды. Халқымызға рахмет айтамыз”, – дейді Аша.

Ашаның айтуынша, отбасын асыраудан бөлек, әндерді таңдау жұмысы Арманның еншісінде.

Көбінесе Арман таңдайды дуэттің әндерін. Сөздеріне де Арман мән береді. Кейде мен: “Арман біздің халық мұңлы әндерді жақсы көреді. Сондай әндер неге айтпаймыз? Ол тезірек хит болады”, – деп айтамын. Арман: “Мұңлы айтпай-ақ қояйықшы. Себебі біз шынайы сезіміміз жайлы ғана айтуымыз керек сияқты. Біз бір-бірімізді ренжітпейміз, бір-бірімізден алыстап жатқан жоқпыз”, – деп айтады”, – деп түсіндірді Аша.

Жіберіп алмаңыз:

Анаңның ізі едің: Абай Бегейдің қызына арнаған әні жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Ақбота Сейітмағамбет ел алдында Дәурен Айдарқұловтан кешірім сұрады

Ақбота Сейітмағамбет ата-анасының неден көз жұмғанын айтты

Әнші Рүстем Жүгінісов отау құрып, дүркіретіп той өткізді (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар