Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптестері мен тыңдармандары Сәкен Майғазиевтің ұлды болуын тіледі

Әнші төртінші рет әке атануға дайындалып жүргенін жасырғысы келгенін ашық айтты. Алайда күллі қазақ жұртшылығы жақсы көретін Сәкен Майғазиевтің отбасындағы қуаныш елге жария болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бірер күн бұрын журналист Нұржан Аташ елден сүйінші сұрап, Майғазиевтің жары Динараның жүкті екенін жария етті. Ол ырымдап әншіге ұл баланың иткөйлегін сыйлады. Соған қарап жұрт әншінің отбасына ер бала қосылуы мүмкін деп топшылады. Алайда дәрігерлердің болжамы басқа көрінеді. Бұл туралы Майғазиев иснта-парақшасында жазды.

“Алла – ұлық! Жаратушымен жарысып ештеңе айта алмаймыз. РАББЫМ ұл берсе де, қыз берсе де иманды, саналы, салиx ұрпақ нәсіп еткей. Жасырып-ақ жүргем. Нұржантай бауырым сұxбат барысында қазақ халқынан сүйінші сұрап қойды. Негізі қыз күтіп жүр едік. Алла тағала Әділетіме бауыр да бұйырта берсін. Тілеулес жандарға Алла разы болсын”, – деп бөлісті ол.

Жіберіп алмаңыз:

Желіде Алтынай Жорабаеваның бейтаныс азаматпен құшақтасып түскен суреті пайда болды

50 жасқа толған Жанар Айжанова дүркіретіп той жасады (видео)

Бөксесі мен аяғын кезек көтеріп билеген Меруерт Түсіпбаеваның биі желіде шу болды (видео)

Баян Алагөзова жаңа тегіне үйренісе алмай жүргенін айтты

Талқылау