Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптестері 2 миллионға шетелдің әнін алған Бүркітті сынап тастады

Жуырда ғана “Ұмытылмас” атты жаңа клип түсірген Бүркіт пен Аиша аталған әнді серб композиторынан сатып алғандарын айтты. Бүркіт өзге халықтың әуені үшін аз ақша төлемеген. Айтуынша, 2 миллион теңгеге жуық ақшаға сатып алған. Алайда шетелдің әніне қыруар қаржы жұмсаған Бүркіт пен Аишаға әріптестерінің айтары бар.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мәселен, Саят Медеуов жат елдің әніне бола сонша қаржы жұмсамас едім дейді. Дегенмен ол әріптесінің таңдауына құрметпен қарайтынын айтады.

“Шетелден сонша қаражатқа ән сатып алғым келмес еді. Бірақ Бүркіттікі де дұрыс шығар, ақшасын төлеп сатып алып, өзі орындап жатыр. Мүмкін Бүркіт ол әнге қатты ғашық болған шығар. Бұл жерде талас дүние. Кезінде Балуан Шолақ Ғалияға ғашық болған кезде одан: “Сонша неге ғашық болдыңыз?” – деп сұраған. Сонда Балуан Шолақ: “Оған менің көзіммен қарашы” деген екен. Сол айтпақшы, мүмкін біз Бүркіттің көзімен қарап көруіміз керек шығар. Мен мүмкін қателесетін шығармын, қиын жағдай”, – дейді ол.

Жанболат пен Жазираның да пікірі осыған ұқсас болып шықты.

“Ондай ақшаға сатып алмаймыз. Енді ақшамыз көп болып, бай боп жатсақ мүмкін алармыз”, – дейді Жазира Байырбекова.

“Шамаң келмесе алмайсың ғой. Одан да өзіміздің қазақ композиторынан алған жақсы. Шетелге кететін ақшаның жартысын біздің композиторға берсең, күшті ән шығарып береді”, – дейді Жанболат Ербатыров.

Бір қызығы, Жанболат пен Жазира ұнап қалған әндерінің иесі атанудың ерекше жолын біліп алған.

“Егер әуені қатты ұнап қалса, біздің сазгерлерге беріп, осындай бір ән шығарып берші деп береміз. Жолдары көп”, – деп қалжыңдады жұлдызды жұп.

Ал әнші Ғаділбек сапасы жоғары болса, шетелдік ән үшін қыруар қаржы төлеуге дайын екенін айтады.

“Егер сол бағаға тұратындай болса, көңілден шықса, әрине сатып алар едім”, – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әнші қыз Данэлия Төлешова “Балалар Евровидениесіне” қатысады

Роза Рымбаеваны алғашқы ұстазы тосынсыймен қуантты

Сәкен Майғазиев: Көзін бояған еркек Отаны түгілі жарын да қорғай алмайды

Қайрат Нұртас жары Жұлдызбен бірге ән шырқады (видео)

Талқылау