Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аргентиналық футболшы матч кезінде қарсыласына ине тығып алды

Агентиналық “Пасифико” клубында ойнайтын Федерико Альенде матч кезінде қарсыласына бірнеше рет ине тыққанын айтты.

_96496782_gettyimages-462305810

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Vorterix радиосына сұхбат берген футболшы Альенде Аргентина кубогы үшін болған матч кезінде “Эстудиантес” клубында доп тебетін Хуан Отероға ине тығып алғанын айтады. Өткен жексенбіде болған ойын сәтінде ол Отероға инені бірнеше рет бағыттапты.

“Эстудиантесе” шабуылшысы бұл жағдай туралы төрешіге қанша айтса да, ол мән бермей қойған. Ал Альенде ол алаңға ине алып шығу арқылы дәл сол Отероны ғана нысанаға алғанын мойындапты.

Альенденің бұл мәлімдесі Аргентина футболында үлкен шу тудырып жатыр. “Пасифико” клубының президенті Гектор Монкада ойыншыны клубтан аластайтынын да айтып үлгерді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанның үздік бапкерлері мен ойыншылары анықталды

Қазақстандық әртістер құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды (фото, видео)

Қуат Найман: Димашқа Қайраттай болу үшін әлі біраз еңбектену керек

Геннадий Головкин ағасымен бірге Алматыға келді

Талқылау