Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аргентиналық футболшы қызыл қағаз көрсеткен төрешіні атып өлтірді

Кордова қаласында болған ойын кезінде қарсыласына шабуыл жасаған футболшыға судья қызыл қағаз көрсеткен. Жастар командасының футбол ойыншысы судьяның төрелігін жақтырмай қалған. Сөйтіп, ол 48 жастағы арбитр Сезар Флоресті атып кеткен.

637_f0aed7a837d5567d481a433e04f96e2b_3222

 

Сурет www.2000.ua сайтынан алынды

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Артынша футболшы тапаншамен қайтып келіп, оны 3 рет атқан. Басы, мойны мен кеудесін оқ тескен төреші сол жерде қайтыс болды. Атыс кезінде бір ойыншы жараланып, ауруханаға түсті. Қылмыс жасаған спортшы оқиға орнынан ізін суытып, оған іздеу жарияланды.

Талқылау