Арбаға таңылған спортшы көп балалы әке атануды армандайды (фото)

Дүйсенбі, 8 Ақпан , 2016 10:51

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Ермек Қалымбетов жігерің болса жігітке жеті өнер де аз деген қағидаға берік. Туа бітті жұлын жарақатына шалдыққан азамат, қол арбада отырып спортты бағындырып, би өнерінің шыңына жетуді көздейді. Ол- өз елінің мақтанышы, ата- анасының қолғанаты. Мүгедектік арбаға таңылған жас жігіттің басты арманы- өздігінен жүріп-тұру.

P1120473

Мүгедек жандардың қол арбамен жүгіруінен еліміздің бірнеше дүркін чемпионы 24 жастағы Ермек Қалымбетов ОҚО Сайрам ауданының тумасы. Анасы – ұлағатты ұстаз, әкесі – Ауған соғысының ардагері. Үш баланың кенжесі. Бала кезінде ана-анасы ұлдарының аяққа тұрып кетуі үшін қолдан келген барлық мүмкіндікті аямаған. Алайда дәрігерлердің «операция нәтижесіне кепілдік бермейміз» деген сөзінен кейін тағдырына көнуге тура келген.

Жасынан мүгедек балаларға арнаған интернатта тәрбие алып, өзі сынды жарымжан балғындармен бірге өскен. Алайда бала жүрек әлдебір құдіретті күштің өзін биікке жетелейтінін сезе өскен. Сол сезіммен оқу орнына түсіп, сол үміт спорт әлеміне алып келеді. Үлкен спорт додаларында бағы жанып, жеңіс тұғырынан талай рет көрінеді.

Қол арбамен қашықтықты бағындыруға бел буған жігіт үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Соның арқасында өткен жылы Дубайда өткен әлемдік сайысқа қатысады. Шет мемлекеттерде мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарас пен оларға жасалған жағдай таң қалдырады. Өз елімен салыстырғанда ол жер мен көктей екенін көзі көреді. Жүлделі орыннан құр қалғанына ол кінәлі емес.

«Басқа бір әлемге түскендей әсерде болдым. Шет елде ешкім сені кемсітпейді екен. Онда біз сияқтылар емін-еркін өмір сүреді. Ал жалпы жасалған жағдайлары біз үшін ертегідей. Мен жеңімпаздан 2-ақ секундқа қалдым. Бірақ ол өте үлкен көрсеткіш. Олардың дәрежелері тым биік. Біздегі жағдай қиын. Ол жақта тұтастай бір алаң тек мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған. Айтып жанымды ауыртқым келмейді. Оған мен емес басшылар ойлануы керек», – дейді Ермек Қалымбетов.

Әлемдік дәрежедегі жарыстарға қатысу үшін кәсіби қоларба қажет екен. Ал оның құны тым қымбат. Қаражат тапшылығы қолбайлау болғандықтан, жергілікті спортшылардың жолы байлаулы. Бағы жанғандар өз күштерімен не қамқор жандардың қолдауымен жарыстарға бара алады екен.

Сағы сынбаған спортшы бұл жолды ешқашан тастамайтынын айтты. Бүгінде ол спорттың арқасында би өнеріне аяқ басты. Нәтижесі көңіл қуантады. Тек жеңісті ғана қанағат тұтатын жігіт, өнер жолында биік белестен көрінуді көздейді. Билеуден мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында өтетін бірнеше сайыстарға қатысып, бас жүлдеге қол жеткізген. Би алаңында өзін еркін сезініп, мүмкіндігі шексіз екенін көрсете алады.

«Биге бет бұрғаныма екі жылдай уақыт болды. Өзіме ұнайды. Сахнада қалықтап, әуенмен бірге тебіренемін. Көп дайындаламын. Жалпы өзім тәртіпті ұнатамын. Адам өз ісіне берік болу керек. Оңай жерде олжа жоқ. Бәріне қажырлық қажет. Еңбектің арқасында ғана көгересің, көктейсің. Өнерге жаным жақын. Музыканы, ән айтуды ұнатамын», – дейді ол.

Бүгінде облыстық мүгедектерді оңалту орталығында мәдени ұйымдастырушы болып та қызмет етіп жүр. Бүгін бұл шаңырақта мәдени шара өтуде. Ерікті студенттер жарым жандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін арнайы келген. Мекеменің мәдени ұйымдастырушысы шараның ойдағыдай өтуіне күш салып жатыр. Оған жан жолдасы қол ұшын беруге келген.

«Бірнеше жылдан бері доспыз. Бәлкім екеуміз де бір ортадан болған соң жан жарамыз табыстырған шығар. Ермек адал дос. Өте еңбекқор. Ешқашан «шаршадым» демейді. Қашан қарасаң ізденіс үстінде. Қолына алған істі толық бітірмей тыным таппайды. Жолдастардың арасында беделді, сыйлы. Менің қызымның өкіл әкесі. Өзі де көпбалалы әке болуға лайықты жан», – дейді жолдасы Еркін Сатылханов.

Белсенді өмірге бейім жігіттің алға қойған мақсаттары көп. Ал басты арманы арбаны тастап, өздігінен жүріп-тұру. Өзгенің көмегіне зәру болмау. Ол үшін үлкен қаражат керек екенін ол жақсы біледі. Сондықтан талмай еңбек етіп, діттегеніне жетуді көздейді. Отбасын құрып, әке-шешесіне немере сыйлауды балалық парызым деп біледі.

1IMG_1681 IMG_1682 IMG_1721 IMG_1722 IMG_1724 P1120501IMG_1726 P1120481

Материал ОҚО-дағы Stan.kz тілшісінің көмегімен әзірленді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

12
Комментариев
1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар