Арапбаева қалай арықтайтынын көрсетемін деп жұртты шошытты

Сейсенбі, 5 Сәуір , 2016 16:14

Өзіндік тыңдармандары бар әнші Маржан Арапбаева қалай арықтайтынын көрсетемін деп желі қолданушыларын шошытып алды.

11248184_1609472405976809_825886981_n

Фото: instagram.com/arapbayevamarzhan/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші бұл көріністің көзге жақпайтынын өзі де мойындайды. “Жағдайым осындай болып тұр, сіздерден қорықпауларыңызды сұраймын. Архимед заңына сәйкес, дәмді түскі астан кейін міндетті түрде арықтауымыз керек. Бұлай айтқаным жөн болмас. Дұрысы – құрғатылу! “Прессотерапия” деп аталатын бұл аппарат денедегі артық майлардан арылуға көмектеседі әрі денсаулыққа ешқандай да кері әсерін тигізбейді!” – деп аталған процедураның ешқандай да жарнама еместігін, оны бес күн қатарынан жасап жатқанын айтты.

1

Мұндай процедура бір сағатының нәтижесі фитнес залдағы жаттығудың 2-3 сағатымен пара-пар екен.

“Денедегі артық сүйықтық кетіп, белім айқындала бастады, теріме де пайдасы зор. Әрине, мұнымен қатар, спортпен де айналысу керек, достар. Бір сөзбен айтқанда, барлығының өзара байланысы бар”, – деп әнші аталған процедураны жасауға көмектескен мамандарға алғыс айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Маржан Арапбаеваның әлеуметтік желіде бояусыз суретін жариялап, ол үшін еш ұялмайтынын айтқаны туралы хабарлағанбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар