Маржан Арапбаева әлеуметтік желіде бояусыз суретін жариялады және ол үшін еш ұялмайтынын айтты
Әнші елдің “масқара, түрі қандай жаман” деген бос сөздерге мән бермеу керектігін айтты. Қазақ эстрадасының белгілі жұлдызы, әнші Маржан Арапбаева әлеуметтік желіде бояусыз суретін жариялап, қолданушыларды таң қалдырды.

Бұл туралы әнші Инстаграм парақшасында жариялады.
“Мен өзімді өте жақсы көремін. Әр адам өзінің табиғи жаратылысын жақсы көруі керек. Мен өзімнің бастан аяқ бар болмысымды жақсы көрем. Және шүкіршілік етемін. Біреудің “масқара, түрі қандай жаман” дегендей бос сөздеріне уақытыңызды жұмсамай, өзіңіздің шынайы сұлулығыңызды бағалай біліңіз”, – депжазады әнші.
Желі қолданушылардың барлығы дерлік әншіні қолдап, пікірлер жазып жатыр.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды