Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аралдық кәсіпкер бизнесімді белгілі адамдар тартып алды деп дау көтерді

Арал ұн тарту комбинатын басқарған кәсіпкер Асқан Шүйіншәлиев бірнеше жылдан соң әлдекімдердің кәсібіне қол сұққанын айтты.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бизнесменнің сөзінше, 300 млн теңге салып, кәсіпті аяғына тұрғызған. Табысы енді арта бастаған сәтте кәсіпорынның өзіне тиесілі емес екенін біледі. Ол өңірдегі ықпалды адамдардың мұның бизнесін тартып алғанына сенімді. Олар кәсіпорынды өз аттарына жазып, өз күзетшілерін әкелген. Енді Асқар тіпті комбинат аумағына да кіре алмай қалыпты.

“60-тан астам жұмысшы жұмыссыз қалды. Оның үстіне менің кәмелетке толмаған балам бар. Жан-жақтан қауіп төніп тұрғанда, оны қалай мектепек апаратынымды да білмеймін”, – дейді Асқар. Оны бизнесін тартып алғандар ғана емес, қарызымызды қайтар деп коммуналдық қызмет өкілдері мен шикізат жеткізушілер де қорқытып жатқан көрінеді.

Кәсіпкер аймақтық полиция мен прокуратураға арызданғанына қарамастан әлі нәтиже жоқ. Сосын ол ел президенті мен ұлттық кәсіпкерлер палатасына хат жолдаған.

“Бізде өз өңіріндегі экономикалық ахуалды көтергісі келген кәсіпкерлерді қорғамайды”, – дейді Асқар.

Тек жақында ғана облыстық Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдігі Асқардың мәселесіне қатысты тексеру басталғанын жариялапты. Өз кезегінде Арал полициясы да бизнесменнің шағымына байланысты сотқа дейінгі тексеру басталғанын айтты.

Оқи отырыңыз:

Өскеменде өрт кезінде екі бала пәтер ішінде қалып кетті

Алматыда тегін тамақ салынған тоңазытқыштар пайда болды

Психолог: Хиджаб үшін директорлар мен ата-аналар дауласып жатқанда, балаларға ауыр соққы болуда

Алматыда атақты спортшы тағы да далада қаңғып жүр

Талқылау