Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арақты қойғаныма 20 жыл болды": Өктем Алтаев ішімдіктен қалай бас тартқанын айтты

Танымал әнші, сазгер Өктем Алтаев ішімдіктен бас тартқан кезін есіне алды. Бұл туралы “Алғашқы” бағдарламасына айтып берді. 

Фото: бағдарламадан скриншот

Өнер иесінің ішімдіктен бас тартуына оқыс оқиға себеп болған. 

“2001 жылы жол полициясы "Балама бесік той жасаймын. Сол тойда ән айтып бер" деп мені шақырды. Бұрыннан араласып жүрген адам сияқты мен де "Мақұл" деп бардым. Ақкөңілмін. Барғаннан кейін тамағым жаурап қалмасын деп, іше беріппін. Мас болып қалыппын. Содан әкесі мен шешесі шығып, маған "Үйіңе қайт" деп көлікке отырғызып жіберді”, – деп әңгімесін бастады. 



Одан кейін мас күйінде көлік айдап, жол апатына түскен. Көліктің алды жанып, көршілері құтқарып қалған көрінеді. 

“Есімді білмеймін, аяғымда әрең тұрмын. Рөлде отырмын, бір шабадан ақша бар. Үйге қалай келгенімді білмеймін. Үйге келетін жолмен емес, қуыс жолдармен жүріппін. Есіктің алдында тұрған бағанға соғылыппын. Бүкіл көрші оянып кетіп, есікті ашқан. Көліктің алдынан түтін шығып жатыр екен, мен ішіндемін. "Өктем ғой" деп бәрі жиналып, көлікті артқа тартқан. Сөйтсе мен "Менің кім екенімді танымайсыңдар ма" деп ұрысып, бір-екеуін сабаған екенмін. Содан кейін мен ішімдік ішпейтін болдым. Соңғы рет 2004 жылы ішімдік іштім", - деді Өктем Алтаев. 

Еске салайық, өнер иесі жас күнінде қыздардың ақша ұсынып, некелесуге ниет білдіргенін айтқан еді. 

Талқылау