Араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ әйел жұмбақ жағдайда көз жұмған

Шарипа Дауылбаева екі баласымен жастай жесір қалған. Қазақстандық келіншек балаларын аяққа тұрғызу мақсатында шетелге жол тартып, ақырында обыр дертімен ауыратын араб азаматымен көңіл қосқан. Махаббаттың күшіне сенген ол ештеңеге қарамастан, оған жар болуға келіскен.

Араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ әйелі жұмбақ жағдайда көз жұмған

Алайда тек мұсылманша некесін қидырып, некені заңды түрде рәсімдемеген. Бұл туралы “Еуразия” арнасының “Әйел сыры” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Шарипа араб азаматына тұрмысқа шығып, ақырында белгісіз жағдайда көз жұмды. Бұл туралы Шарипаның әпкесі Аян Құдайқұлова айтып берді.

“Шарипа менің қолымда тұрды. Себебі күйеуі қайтыс болып кетті, екі ұлы болды. Бір күні ақша тауып, шетелде жұмыс істеймін дейді. Ол ағылшын, түрік, араб тілдерін білетін. Сосын қазақша, орысша барлығымыз сөйлейміз. Сөйтіп Дубайға кетті. “80-дегі әжейге қараймын, үлкен жалақы төлейді” деді.
Балаларына ақша салып тұрды. Дубайда жүріп, мына жігітпен танысқан. Бұл жігіттің атын да, кім екенін де, отбасылы не басы бос болғанын да білмейміз.

Араб елінің азаматы, Сирия ма, Иран ба, Пәкістан ба, қызымызға айтпаған. Біз болсақ өзіміздің салтымыз бар, келмей ма, таныспай па дедік”, – дейді Шарипаның әпкесі.

Араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ әйелі жұмбақ жағдайда көз жұмған

Шарипа Дауылбаева екі жыл қарт әжейдің қарамағында жұмыс істеп, елге оралған. Алайда қазақ қызына ғашық болып қалған араб жігіті оған қайта-қайта хабарласып, мазасын алған. “Мен саған мейрамхана ашып беремін, мен сені сүйемін”, – деп алдаған.

“Өзінің күйеуі жастай қайтыс болып кеткеннен кейін бұл қыз мына кісінің сөзіне еріп, махаббатқа еріп, қайта кетті. Мен рұқсат бергім келмеді. Себебі мына кісі алдымнан өтсін дедім. Шешесі жоқ, бауыры ретінде мен жауаптымын. Бірақ мені тыңдамады. Барып, келіп тұрды. Бірақ бұл кісі онкологиямен ауыратын көрінеді. Себебі бұл кісі химия жасайды, шашы да тақыр. Неке қидық деді әйтеуір, мұсылман. Сіңлім арабтың әйелдері киетін қап-қара киімді киетін болды, қасын қап-қара қып бояйтын болды, арабша үйреніпті. Үйленіп, Таиландтан мейрамхана ашқан”, – дейді Аян Құдайқұлова.

Үш жыл араб күйеуімен бірге Таиландта тұрған Шарипа ақырында еліне оралғысы келген. Әпкесінің айтуынша, ол қателігін түсініп, балаларын сағынған. Сол сәтте араб азаматы оны жібергісі келмеген көрінеді.

“Ана кісіден тойды. Наурызға үйге, балаларыма барайын деп сұранды. Үш жылдан кейін бізге “өзі асылып өлді” деген хабар келді. Бірақ ол өзі асылып өлмейді. Менің ойымша, ана кісі оны жібергісі келмеген. Себебі ол елге біржола қайтқысы келді. Барлық қателігін түсінді, балаларын сағынды. Меніңше, ол “үйге қайтамын” деп шарт қойды. Кішкене қулау болса… Бұлай болады деп ойламаған ғой”, – дейді әпкесі.

Бұдан кейін туыстары Таиландтағы Қазақстан елшілігіне жүгінген. Ондағылар арнайы сараптама тағайындап, әйелдің өздігінен асылып өлмегенін анықтапты.

“Себебі өзі асылған адамның аузы, көзі ашық болмайды. Аузынан тілі шығып тұрады, деді дәрігерлер. Ол жігітті сотқа бермедік, себебі онкологиямен ауырады, 2-3 ай өмірі ғана қалған”, – дейді Шарипаның әпкесі.

Тағы оқыңыз: 

Сириялыққа тұрмысқа шыққан қазақстандық әйел бес баласымен және күйеуімен бірге Сирияға жер аударылуы мүмкін

Ұятсыз нөмірлер: Қазақстанда гей, жын, ұры, жұт деп жазып алған автокөлік нөмірлеріне тыйым салынды

Құрбан айтқа орай сіздің аулаңызда қой сойып жатса кімге шағымдану керек

«Астана банкі» клиенттеріне алаяқтар туралы ескерту жасады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар