Араб еліндегі виллалар, Англиядағы есепшоттар: қазақстандықтар табыстарын қалай жасырады?
Заңдастыру акциясы аяқталды. ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов заңдастыру қорытындысы туралы айтып берді.
Оның нәтижесін сәтті деп атауға болады ма? Сенім ақталды ма? Қазақстандықтар қай елде мүлік сатып алады және осы «көлеңкелі» ақшаны жасырады? Бұл туралы BNews.kz ақпарат агенттігіне ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің жедел мониторинг басқармасының басшысы Сағынаев Ерлан баяндап берді.
– Министр бизнесті басынан бастауға болатынын айтқан болатын. Кәсіпкер үшін бұл нені білдіреді?
Біз 2 жыл бойы азаматтарға барлық ақша қаражатын заңдастырып, бар табысын ақша түрінде көрсетуге, жылжымайтын мүліктерін көлеңкелі айналымнан шығаруға, оны жариялауға мүмкіндік бердік. Сөйтіп, оны заңдастыруға салынған қаражаттан үлкен үлесті көріп отырмыз . Бұл 4,1 трлн теңгені құрады. Кәсіпкер үшін осыны білдіреді.
«Бизнесті басынан бастау дегеніміз» азаматтар заңдастырған кірістің бәрі көлеңкелі сипатқа ие екенін білдіреді. Бұл ақшадан салық төленген емес, олар бұны одан әрі қарай жасырды.
Кірісті заңдастырған соң кез келген адам оны салық декларациясында көрсете алады. Біз салық бойынша оларға қатысты қылмыстық, әкімшілік тексеру болмайтынына заң жүзінде кепілдік бердік. Заңдастырылған мүлік тәркіленбейді. Заңда бұған кепілдік бере отырып, заңдастырылған кірістің бәрін қорықпай көрсетуге болатынын айттық. Кезінде мүліктің бағасы қанша болғанын, активтердің қанша қаражатқа сатып алынғанын және шетелдегі, Қазақстандағы банк есепшотындағы осы ақша қайдан келгенін сұрамаймыз.
– Көрсетілген мерзімде мүлкін және қаражаттарын заңдастырмаған қазақстандықтарға қандай шара қолданылады ?
– Шетелде немесе Қазақстанда нысандарын жасырған азаматтарды мемлекеттік кірістер органдары мен тиісті өкілетті органдар анықтап біледі. Заң бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады Яғни, салық салынатын нысандарды жасырғаны үшін санкция салынады. Бірінші рет – 250 АЕК, бір жыл ішінде тағы біреуі анықталса, 500 АЕК айыппұл төлейді. Құқық бұзушылық қылмыстық тергеуге жататын болса, сәйкесінше, Қылмыстық кодекс бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.
-Мұндай тұлғалар қалай анықталады?
– Бізде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-шаралар жоспары бар. Соған сәйкес Мемлекеттік кірістер комитетінің тиісті жоспарына сай заңдастыру жұмыстары жүргізіледі. Азаматтардың мұндай категориясына заңдастыруға мүмкіндік беріп, тексерулерден өздерін қорғауға құқық бердік. Ал, бұл акцияны пайдаланбағандарды, алдымен, өзіміз ратификациялаған салық конвенциялары аясында әлемдік кірістер бойынша тексереміз. Оның ішінде, Страсбург конвенциясы бар. Ол 2015 жылы ратификацияланды. Бұл құжатқа 100-деген ел қол қойды. Сол елдер арасында есептер мен мүлікке байланысты тиісті мәлімет алмасулар болып тұрады. Яғни, егер біздің азаматтарымыз өздерінің активтерін жасырын ұстаса, сол елдердің уәкілетті органдары бізге автоматты түрде ақпарат береді. Бұл азаматтар бізде бұл мүлікті заңдастырды ма, тіркеді ме, әлде жоқ па? Егер анау, не басқасы орындалса, онда олар тыныш ұйықтай алады. Егер жоқ болса, онда заң бойынша жауап береді.
– Қазақстандықтар өздерінің жасырын жинақтарын көбіне қай елдерде сақтайды?
– Олар көбіне Еуропа елдерінде – Ұлыбритания, Швейцария, Испания, Венгрияда, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ, Қытайда сақтайды. Ал, көрші елдердің ішінде Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстанда мүлікті заңдастырған. Ал, Еуропа мен Ұлыбританияда бағалы қағаздарды сақтаған. БАӘ-де виллалар, коттедждер сатып алған.
Жіберіп алмаңыз:
Универсиада кезінде ескі көліктер Алматыға кіргізілмейді
Бұдан былай жазасын өтегендерге «сотталмаған» деген анықтама беріледі
Жалаңаштар бассейні: Алматыдағы “Арасан” моншасы мұсылмандарға арналмаған ба?