Әр елдің түрмелеріндегі жазасын өтеушілердің шынайы өмірі (фото)

Бейсенбі, 21 Сәуір , 2016 14:22

Нидерланды фотографы Ян Баннинг адамдардың қылмысқа қалай баратынын, жазаны қалай өтейтінін зерттеу мақсатында бірнеше елдің сот, қылмыстық істерде қабылдаған шешімдерді сараптап көрді.

вв

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Франция. Centre Penitentiaire de Lille-Annoeullin. Бұл түрме ауласының бұрышында «Теңіз желі» бандаларының мүшесі Ж.М. жатады. Оны 2007 жылы адам өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырған. Ол 14 жыл түрмеде жазасын өтеп келген.

а

Колумбиядағы Сан-Диего әйелдер түрмесі. Роса (сол жақтағы) 10 жылға қамалған. Элианаға (оң жақтағы) қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол түрмеде 7 айдан бері жатыр.

Безымянный

Фотограф Франциядағы екі түрмеге кіруге рұқсат алу үшін екі жыл күткен. Колумбия мен АҚШ түрмесіне де кіру оңайға соқпаған. Ал, Угандада өзге елдерге қарағанда түрме басшылығымен келісу тез әрі оңай болған.

ы

АҚШ. Итонтоне қаласындағы 1991 жылы салынған түрме.

Фотограф Уганда түрмесіндегі көрген қызықтарын ерекше еске алады. «Барлық 10 елдің түрмесінде мені бақылаушылар қарап, суретке түсіріп жатқан кезімде жанымда жүрді. Ал, Уагандада мені ешкім бақылауға алмады. Олар менен ешқандай қауіп күткен жоқ. Тіпті, олар жазасын өтеушілермен әзілдесіп, арқаларын кағып қойып, жақын сөйлесе береді екен», – дейді фотограф.

лл

Колумбия. Акасиастағы аграрлы түрме. Абақты 1906 жылы салынған. Мұнда 364 адам қызмет етеді. Түрмеде 1250 ер адам жазасын өтеуде. Олардың көбі есірткі саудасымен айналысқан, адам өлтірген, қыз зорлаған деген үкіммен 5 жылдан аз уақытқа сотталғандар.

щ

АҚШ. Мемлекеттік Смит түрмесі. Түрме Гленвилль мен Джорджия қалаларының маңында  1354 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұндағы кейбір жазасын өтеушілер Georgia Correctional Industries компаниясына тегін қызмет етеді.

шш

«Тордан ұстап тұрған қолдың бейнесі сынды әбден жауыр болған суреттер ешкімге қызық емес болып барады. Ол адамға ешқандай ой салмайды. Ал, түрме ішіндегі шынайы суреттер адамға сотталушылар туралы, түрме туралы хабар беріп тұрады. Мен сондай біртекті суреттерді түсіре бергім келмейді. Түрме – өте жаман орын, алайда, бұл сөз ондағы шынайы өмірді толықтай суреттеп бере алмайды», – дейді фотограф Ян Баннинг.

вв

м

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар