Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әр елдің салты басқа: ашытқы, қара түс және биік өкшесіз аяқ киім

Ұлыбританияда 400-ге жуық адам АҚШ-тың республикалық партиясы атынан президенттікке кандидат болу құқығын талап етіп жүрген Дональд Трампқа елге кіруге тыйым салу туралы петицияға қол қойған.

“Әр елдің салты басқа” демекші, әр елдің тыйым салу түрлері де қызық әрі таңқаларлық болып келеді.
ВВС сайты осындай ерекше тыйымдардың бірнешеуін атап өтіпті.

Бұл туралы Би-би-си сайты хабарлайды.

кейт111

Кейт Бланшет “Кэрол” фильмінің премьерасына келе жатыр

Канн: Қызыл төсенішке биік өкшелі аяқ киімсіз шығуға тыйым салынды

2015 жылдың мамыр айында Канн кинофестивалінің ұйымдастырушылары сынға ұшырады. Өйткені баспасөз беттерінде
әйелдерге қызыл кілемге биік өкшелі аяқ киімсіз шығуға тыйым салғандығы туралы ақпараттар жарыққа шыққан еді.
Screen Daily қызыл кілемде биік өкшесіз жүруге тыйым салынғаны рас екендігін жазған еді. Алайда, фестиваль директоры “мұның барлығы жай ғана өсек-аяң” дегенді айтты.

Ал Папуада – Жаңа Гвинеяда кәдімгі ашытқыға тыйым салынған.
Папуаның жергілікті полициясы басшысы ашытқы сатуға тыйым салуды сұрады. Оның пікірінше, осы ашытқының кесірінен елдегі қылмыстың саны артып отырған көрінеді. Ел ішінде “джунгли сусыны” аталып кеткен, жергілікті тұрғындардың қолдан жасайтын арақ осы ашытқыдан ашытылады екен. Полиция ел ішіндегі қылмыс санының артуын осы “сусынның” кесірінен деп отыр. Сондықтан да солтүстік провинцияның полиция басшысы Линкольн Джерари жергілікті дүкендер мен супермаркеттерде ашытқы сатылмайтын болса,жұрт та өзіне де, өзгеге де зиянын тигізуді қояр ма еді деген ойда көрінеді.

“Мен қайта-қайта ауруханаға келіп, қолдан арақ дайындаған адамдарды қамауға алудан шаршадым”, – депті ол Post Courier-ге берген сұхбатында.

Ақ үйдегі селфи

Селфи сүйгіш қауым ендігі жерде Ақ үйде де суретке түсе алады. Осыған дейін он жыл бойы ақ үйде суретке түсуге тыйым салынған болатын. 2015 жылдың шілде айында АҚШ перзидентінің әйелі Мишель Обама интернетке ендігі жерде бұл тыйым салынып тасталғаны туралы видео жүктеді.

Ол видеода Мишель Обама қолына “Суретке түсу және оны әлеуметтік желіде жариялауға тыйым салынады” деген жазуды көрсетіп тұрып: “Егер сіз Ақ үйде болған болсаңыз, осы жазуды көрген де боларсыз. Бірақ енді бұл тыйым келмеске кетті” – деп, әлгі жазу жазылған қағазды екіге бөліп тастайды. Ендігі жерде келушілер Ақ үйде суретке түсе беруіне болады.

0000

Енді Ақ үйде де селфи жасауға түсуге болады

Қара түске тыйым

Ал Түркіменстанда көлік сатып алған кезде қара түсті көлік сатып алуға тыйым салынған. Осы жылдың басынан бастап, Түркмения кедені шет елден келетін көліктердің ішінде қара түсті көліктерге рұқсат етпейтін болды. Кеденшілер бұл қылықтарына ешқандай түсінік бермейді. Алайда шет елден көлік алып келушілерге ақ түсті көлік алуға кеңес беретін көрінеді.

Туркмения президент Гурбангулы Бердымухамедов ресми және қоғамдық жиындарға ақ түсті көліктермен келетін болған. Түркменбашыға еліктеп, 160 жоғары шенді шенеуніктер де ақ түсті көлік мінген.

Жұлдызды тыйым

Қытай баспасөзінің бас әкімшілігі есірткі қабылдап, жезөкшелердің қызметін пайдаланатын жұлдыздарға жергілікті телевидение мен басқа да мемлекеттік баспасөз беттеріне жарық көруге тыйым салды.

China Daily газетінің жазуынша, бұл тыйымды салудағы мақсат -“жұлдызды”  индустрияның дені сау болуын қамтамасыз ету. Бұған қоса, шенеуніктер жұлдыздардың іс-әрекеттері жастарға да ерекше әсер ететінін атап өткен. 2014 жылы бірнеше қытайлық жұлдызбен қатар, Джеки Чанның ұлы да есірткі пайдаланғаны үшін айыпталып, ұсталған болатын.

5555

Джеки Чанның баласы есірткі пайдаланғаны үшін ұсталды

Гана парламентінде жаман сөз айтуға тыйым салынған

Былтырғы жылы Гана парламентінде ел ішінде ауызекі тілде көп қолданылатын сленгке тыйым салынды. Өйткені осы сөздің кесірінен
парламентте шу шықты. Акан тілінде келіспеуді білдіретін “твеаа” деген сөз талқылау кезінде тым көп айтылған. Сондықтан да Гана парламенті бұл сөзге тыйым салған.

Бірақ, сыншылардың айтуынша, бұл тыйым парламент мүшелері ел президенті Джон Махаманың көзінше айқайламау үшін енгізілген болатын деседі. Бұл сөз шенеуніктің “Твеаа” деп айқайлаған кім?” деген сұрағы ғаламтор арқылы тарап кеткеннен кейін бұрынғысынан да кең етек алды.

Маңдайшаға “Марс” батончигінің атын жазуға тыйым салынған

Туристердің назарын аударған маңдайшадағы жазуды алып тастауға тура келген.

Осы жазда Шотландиядағы бір дәмханада “Марс” шоколадты батончигін қуырып жасайтын жаңа тағам түрі ойлап табылды деген жазуды алып тастауды бұйырған. Саяхатшылардың көпшілігі Стоунхейвен қалашығында орналасқан Caron Fish Bar деп аталатын дәмханаға дәл осы тағамның дәмін татып көру үшін келетін көрінеді. Сондықтан графствоның кеңесі “тұрғындардың мүддесі үшін” алып тастау керек деп шешкен. Себебі, дәл осы қуырылған батончик Шотландиядағы кулинария саласындағы теріс әрекеттердің бастамасы болған екен.

7777

Саяхатшылардың назарын аударып жүрген жазба  – осы
Талқылау