Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әр елдегі екі жынысты адамдардың тағдыры (фото, видео)

Gender fluid термині соңғы кезде көп адамдардың жынысын ажырата алмауына байланысты туындаған термин. Кейбір адамдар өмірге келгеннен бастап өзінің не ұл не қыз екенін ажырата алмай жатады.

4b74e150f40071f1ec4c06abad24d084

Көрнекі сурет

Пенсильвания штатының тұрғыны Эбби Скотт қазір 8 жаста. Ол қыз болып туылғанымен, екі жылдан кейін өзін ұл бала ретінде сезінген. Алайда, біржақты жынысы болғанын қаламай жүре берген. Сондықтан қазір оның екі есімі бар. Ол 30 пайыз Эбби болып жүрсе, 70 пайыздай Адам есімімен жүреді.

Эбби-Адам – танымал жергілікті футболшы. Рикки Суман оның талантын жоғары бағалап, өз тобына қабалдаған екен.

detail_22830db93de711e5e56d9147a2ea4605

Сурет: @Sara Markusic

Эббиге қалай дегенмен де ұл болған көбірек ұнайды. Ол ұл балалардың шаш үлгісімен жүргенді және өзін Адам деп атағанды ұнатады.

Эббидің отбасы Монака қаласындағы кішігірім қалада тұрады. Сондықтан жергілікті тұрғындардың көпшілігі Эббидің жағдайынан хабардар.

Көптеген балалар Эббиден қорқады. Алайда, болашақта танымал тұлғаға айналып кетер деген үмітпен араласуларын тоқтатпайды.

«Мен бұрын соңды gender fluid деген атаудың барын білмеппін. Алайда, бұл қыздың ерекше жаратылысы оның футболға деген сүйіспеншілігін жоймақ емес», – дейді Эбби Адам.

12 жасар Эннидің де жағдайы осыған ұқсайды. Ол өзінің жыныстық қажеттілігін бірде қыз балаша, бірде ер балаша сезінеді. Тіпті, киім алып жүргенде бірде қыз балалар дүкеніне кірсе, ертесі күні ұл балалар жағына кетіп бара жатады.

pic_a40ddda5533b6cd31ece6786c155a60b

YouTube видеосының кадры

Қоштасу кешінде Энниге көйлек пен костюмды қатар сатып алған екен. Өйткені, оның не киігісі келетіні көңіл-күйіне байланысты болғандықтан, алдын ала нақты болжам жасау қиын.

16 жастағы Алонзо Хернандес жынысынан ұялғандықтан сыныптастарының көзінше бір күн бойы дәретханаға бармай жүре беретін көрінеді. Кейін ол жынысын ауыстырғаннан кейін де ер балалар дәретханасына кіруге қымсынған.

Ал, Оңтүстік Кореяның 6 адамнан құралған Pinky Cheeks тобы еш ұялмай өнер көрсетуге дайын. Топ құрамындағы ер балалар биік өкшелі туфлимен, ал қыздары ер балалардың орында қиын билерді орындайды.

Австралиялық әнші әрі актриса Руби Руз өзінің лезби екенін ашық айтқан. Оның әнін 17 миллион адам тыңдап, Break Free бейнебаяннын 18 миллион адам қараған.

arrives at the MBFWA Trends show during Mercedes-Benz Fashion Festival Sydney 2013 at Sydney Town Hall on August 21, 2013 in Sydney, Australia.

Сурет: www.rsvlts.com 

Испандық Zara бренді осындай не әйел не ер жынысына жатпайдындарға, немесе керісінше екі жынысты адамдарға арнап киім шығарған. The Local маркасы бейтарап жыныстыларға арнап қара, сұр, ақ, қою көк түсті киімдерді алғашқы болып шығарған. Яғни, ол киімдерді қыздар да, ұлдар да кие алады.

Талқылау