Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аппаратты өшірмек болған: Дәрігерлер өлімге қиған науқас бала мерекенің арқасында аман қалды

2014 жылы кішкентай Тонидің ата-анасы баласына қатігездік танытты деп айыпталып, 10 жылға қамалған еді. олар 4 жасар ұлын аяусыз ұрып тастағаны сонша, оның өміріне қауіп төнген.

Аппаратты өшірмек болған: Дәрігерлер өлімге қиған науқас бала мерекенің арқасында аман қалды

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Аяғының көп жері сынғандықтан, Тонидің аяғын кесіп тастауға тура келген. Алайда бұл көмектеспей, баланың бойында сепсис пен көпағзалық жетіспеушілік пайда болыпты. Дәрігерлер оның өмірі үшін бір жарым ай бойы күресті.

Рождество мерекесінің қарсаңында дәрігерлер баланы қинамай, оған қосулы тұрған аппараттарды өшіру туралы шешім қабылдайды. Алайда ол үшін дәрігерлерге сот шешімі керек еді. Ал мереке күндері сот жұмыс істемейді.

«Ауру оның жанына батып, қатты ауырсынды. Дәрігерлер оны қинағысы келмеді. Алайда сот жұмысын бастамас бұрын, Тонидің жағдайы жақсарды. Сондықтан Рождество оның өмірін құтқарып қалды деуге болады», – дейді Томидің асырап алған анасы Паула.

Рождество мерекесіне орай берілген демалыс күндері Тонидің өмірін құтқарғандай болды. Баланың жағдайы күннен-күнге жақсарып, дәрігерлер емді тоқтату туралы шешімнен бас тартты.

«Оны алғашқы Рождествода емдеген анестезиолог оны таяуда ауруханада тағы да кезіктірді. Ол баланы қайтыс болған екен деп ойлапты. Ал Тониді қайта көрген кезде бақыттан басы айналып, қатты қуанды. Қайта-қайта құшақтай берді», – дейді Паула.

Келесі жылы Тони мектепке барады. Оның асырап алған ата-анасының сөзінше, өміріңнің қалай басталғаны емес, бүгін қалай өмір сүріп жатқаның маңызды.

«Тони – сондай керемет бала.  Ол бізді шабыттандырып, қаншама күш-қуат берді. Ол бәрімізді өзгертті», – дейді ата-анасы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау