Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Апатқа ұшыраған Мәскеу-Орск ұшағында тағы бір Қазақстан азаматы көз жұмған

11 ақпанда Мәскеуден Орскке бағыт алған Ан-148 ұшағы, бірнеше минуттан соң радардан көрінбей, апатқа ұшырады. Ұшақта болған 71 адам қайтыс болды.  Олардың арасында 31 жастағы Евгений Илинов болған. Ол Орск қаласынан Ақтөбедегі ата-анасына бара жатқан екен.

«Саратов әуе жолдары» ұшағы 14: 24-де «Домодедоводан» Орскке ұшып кетті. Ұшақта экипаждың 6 мүшесі және 65 жолаушы, оның ішінде 5, 12 және 17 жастағы үш бала бар. Ең қарт жолаушы 79 жаста болған. Апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылардың көбі Орынбор облысының тұрғындары. Бұл туралы Диапазон-ға сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

«Соңғы рет Евгенийді 5 жыл бұрын көргенмін. Екеуміз Ақтөбеден Москваға дейін бірге ұшып барғанбыз. Өзі жақсы жігіт болатын. Әуеде ұшқанды армандайтын. 2004 жылға дейін екеуміз бір мектепте оқыдық. Кейіннен, Петербургке кетіп, техникалық универитетті бітірді. Өте сыпайы, әдепті, білімді жігіт болды. Мақсатына жетпей қоймайтын. Қараңыздаршы тағдырды. Аспанды армадаған бала, әуеде опат болды», – дейді Ақтөбе жас пилоттар мектебінің ұйымдастырушысы Александр Курбанов.

Жіберіп алмаңыз:

Бүгін жерге магниттік толқын түседі деп күтілуде

Бұрынғы қаңғыбас атақты аспазға айналып, айтулы марапатқа ие болды

Әуеде ұшып келе жатқан 363 жолаушы бар тікұшақ істен шықты

Той көйлегіне сыю үшін арықтаған блогер бедеу болып қалды

 

 

Талқылау