Антарктиданы жалғыз жүріп өткен британдық зерттеуші қайтыс болды

Сейсенбі, 26 Қаңтар , 2016 7:41

Антарктидадан жалғыз өзі өтпек болған британдық жиһанкез Генри Уорсли (Henry Worsley) межелі жеріне жете алмады, сапарының аяқталуына 50 шақырым қалғанда ол қайтыс болды, деп жазады марқұмның туыстарының мәлімдемесіне сілтеме жасаған британдық Guardian газеті.

саяхатшы

Басылымның хабарлауынша, саяхатшы көмекке шақырған белгіні сапарының 71-ші күні жіберген. Оған саяхатшының ағзасында су мөлшерінің азайып кетуі, әлсіреуі себеп болған. Жұма күні 55 жастағы бұрынғы әскери қызметкер Уорслиді тікұшақпен Чилидің Пунта-Аренас қаласының ауруханасына жеткізді, онда оған бактериалық перитонит диагнозы қойылды. Ота жасалғанымен, жексенбі күні жиһанкез көз жұмды, деп хабарлайды британ басылымы.
Газет британдықтың сапары ауа райының жайсыз кезіне тап болғанын жазады, бұл кезде Антарктидада ауаның температурасы -44 градусқа дейін төмендеген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар