Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Валерия сырт келбетін адам танымастай өзгертті

Сырт келбетін едәуір өзгерткен әнші Валерия күйеуі продюсер Иосиф Пригожинді таңқалдырды. Әнші өзінің жаңа образымен Мәскеудегі кинотеатрлардың бірінде көзге түсті.

ыс

Бұл туралы dni.ru сайты хабарлайды.

“Москва” кинотеатрында режиссер Юрий Васильевтің “Герой” фильмінің премьерасы өтті. Аталмыш картинаға танымал әнші Дима Билан да түскен. Әнші үшін бұл туынды кино саласындағы алғашқы ірі қадам болды. Осындай керемет мәдени шараның құрметіне продюсер Дмитрий Ян таңғажайып кеш ұйымдастырған.

Дима Биланды құттықтау үшін Валерия және Иосиф Пригожин де келді. Әнші Валерия өзінің жаңа келбетімен тыңдармандары және әріптестерін ғана емес, өз күйеуін де таңқалдырыпты. Премьераға әнші қысқа қара шашымен келді. Тек шашы ғана емес, бет-әлпеті, киімі де ерекше көзге түсті.

Иосиф Пригожин де әйелінің бұл келбетіне көңілі толатынын айтқан.

“Иә…таңқалдырды. Валерияны бірнеше сағатқа жаңа фотосессияға қалдырып, қайтып оралғаным сол еді, өз әйелімді таппай қалдым. Бұл мен үшін керемет сыйлық болды”, – деп жазды ол Инстаграмдағы парақшасында.

Алайда, әншінің тыңдармандарының пікірі әрқилы. Біреулері бұл стилдің әншіге жарасатынын, түстерді жақсы таңдағанын айтса, енді біреулері жасанды шаш кигенін байқап қалған. Әйтсе де көпшілігі әншінің жаңа образын сүйсіне қабылдаған.

Мұның алдында, әнші Валерияның отбасылық өмірінен көрген қиындығы туралы жазған болатынбыз.

Талқылау