Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Әлқожа: Өзімнен он жас кіші «Еңбек сіңірген қайраткерге» құрмет көрсетіп жатқанда қорланып қалдым

Жүректі тербейтін назды әндерімен көпшіліктің жүрегін баураған әнші Роза Әлқожаға ешқандай атақ берілмеген. Бұл туралы әншінің өзі айтып берді. Алайда, атақ алу мақсатым емес, дейді ол, деп жазады Stan.kz.

Роза Әлқожа

Әнші бейнеябаян түсіру үшін қырғыз еліне барып келген. Ол жақта өзін жақсы қарсы алғанын айтты. Розаның «Сағындым сені», «Мен сені сүйемін, өмір», «Жүрек назы», «Қырғызым» әндері қырғыз ағайындары арасында хит көрінеді.

«Әннің авторын сонша сыйлайтын елді көрдім», – деген әнші әсерімен бөлісті.

Сондай-ақ, ол өзіне ешбір атақа берілмегенін, сол үшін өз болмысына ренжитінін айтты.

«Динара Тилекеевамен бейнебаян түсіруге барып, бір жағы Ыстықкөлді көріп келдік.
«Ала-тоо таншыйыт» фестивалінде марапатталып, жақсылары «бізден жақсы атақ аласыз» деп қуантты. Қарапайым «Мәдениет қайраткері» деген де жоқ екен менде. Барлығы оны мақсат туұтпағандықтан.

Атақ, ақша үшін біреуге жағынбайтын, сұрамайтын болмысыма сол жолы сәл-пәл ренжігенім рас. Өзімнен он жас кіші «Еңбек сіңірген қайраткерге» құрмет көрсетіп жатқанда қорланып қалғаным өтірік емес», – деп жазды әнші.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау