Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші, продюсер, кәсіпкер Болманов енді ғылым профессоры атанды

Әнші, продюссер Қыдырәлі Болманов Ресей ғылым академиясының профессоры атағын алды. Мұнымен қатар, ол өзі туралы кітап жазып жатыр.

1

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Қазір қауырт кез, халықтың еш уақыты жоқ. Сондықтан халық ештеңені ойламау үшін жеңіл әуезді музыкаға құмар бола түсуде. Біз вирустық әлемде өмір сүріп жатырмыз. Ол бізді теледидар, интернет арқылы балабақшада да, мектепте де жаулап алған. Бұл бізге, әсіресе балаларымызға түбегейлі қажет емес. Біз мұнымен “Бал бала” арқылы күресуді бастап кеттік.

Компания ғылыми-өндірістік ошаққа айналуда. Ғалымдарымыз да бар, алғашқы оқу-әдістемелік кешеніміз де дайын болып қалды. Дәл осы мәселеге орай мен Мәскеуде диссертация қорғадым. Бүгін мен Ресей Ғылым академиясының профессоры атандым. Біз өз кеңістігімізді, өз мәдениетімізді, әсіресе, идеологиялық кеңістігімізді қорғауымыз керек.

Бүгін, әсіресе “Ұлытаудың”  мерейтойлық концерті алдында  еңбегімнің еш кетпегендігін сезініп отырмын. 20 жылдың ішінде мен әншілер мен жобалардың тұтас армиясын қалыптастырдым деп айта аламыз. Кейде мұның барлығына да қалай үлгергенімді түсінбеймін де”, – деді ол.

Осы ретте ол өзінің шығармашылық жолы жайында кітап жазып жатқандығын да атап өтті.

“Мен қазір кітап жазып жатырмын. Кейде бұралаң, кейде қиын, енді бірде тамаша жетістіктерге жол ашқан Америкадағы, Еуропадағы, Гран-придегі концерттерімізге көз жүгіртсем, Алла тағаланың біздің ұмтылысымызды елегені-ау деген ойға кетемін. Тіпті, біз Королева орденін де алдық”, – дейді Қыдырәлі Болманов.

Айта кетейік, “Ұлытау” этно-рок тобы 6 шілдеде – елорда күнінде “Алау” мұз сарайында концерт өткізеді. Келушілер “Ұлытау” тобы, Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болмановтың орындауындағы ерекше жарықтандырудың сүйемелдеуімен жаңа және ескі әндерді тыңдайды. Мерейтой иелерін шығармашылықтағы әріптестері мен достары да құттықтайды.


Жіберіп алмаңыз:

Қыдырәлі Болманов Төреғалидің қатысуымен Қазақстанда ешкім қойып көрмеген концерт жасамақ

Қыдырәліге ерекше сый жасағысы келген Қарақат жұрт алдында тоқал алып беруге уәде етті

Әріптестері Қарақаттың Қыдырәліге тоқал алып беруіне қатысты пікір білдірді

Қарақат Қыдырәліге тоқал сыйламақ болған себебін түсіндірді

Талқылау