Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Лидо: Жасанды омыраумен 4 баламды да еміздім

Әнші Лидо оқырмандарына жеке құпиясын айтты. Ол пластикалық отаға жүгінгенін мойындады. Әнші балалары өмірге келмей тұрып-ақ, омырауына имплант салдырғанын айтты. 

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды. 

“Әдемі омырау және 4 бала. Екеуі мүлде үйлеспейтін дүние. Мен бұл туралы айту керек пе деп ұзақ ойландым. Ұзақ уақыт айтпай келдім. Бірақ енді айтайын. Мен омырауыма имплант салдырдым. Және балаларым өмірге келмей-ақ жасатқанмын. Имплантпен балаларымды еміздім. Оның еш кедергісі болған жоқ. Көп бала емізген соң омыраудың әдемі күйінде қалмайтыны белгілі”, – деді ол. 

Әнші пластикалық отаны 2007 жылы жасатқанын айтты. Ал жақында омырауын қайта түзеткен. 

“Жақында қайта ота жасаттым. Бәрі жеңіл өтті. Мәскеулік дәрігеріме сенемін. Наркоздан кейін адамның жүрегі айниды. Менде ондай болған жоқ. Өзімді жақсы сезінемін”, – деді әнші. 

Желі қолданушылары бұған өз көзқарасын айтып жатыр.

“Сіздің отаға жүгінгеніңізді білмеппін, бәрі табиғи секілді”, “Жарасып тұр, егер зияны болмаса мен қарсы емеспін”, “Денсаулыққа зияны болады, қазір біліне қоймас”, “Әдемісіз, сымбатыңыз да әдемі”, – деп жазды олар.


Талқылау