Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Лидо салмақ қоса алмай жүргенін айтты

Әнші Лидия Досалина өзінің арықтап кеткенін айтып, артық салмақ қоса алмай жүргенін жеткізді, деп жазады Stan.kz.

Әнші Лидо салмақ қоса алмай жүргенін айтты

Әншінің айтуынша, ол салмағы 57 келі болған кезде сымбатын келісті сезініпті. Өз сөзінде ол сл кездегі сымбатын қайтаруды армандап жүргенін жасырмады.

«Менен адамдар: «Лида, не үшін жаттығу жасайсыз? Онсыз да арықсыз ғой» немесе «Не үшін артық салмақ қосасыз, онсыз да сымбатыңыз келісті», – деп жиі сұрайды.

3 жыл бұрын белсенді түрде жаттығу жасап, көп тамақ жейтінмін. Нәтижесінде салмағым 57 келіге жетті. Маған осы салмағым ұнайды және сол кездегі сымбатымды қайтаруды армандаймын. Бұл «сапалы» 6 келіге қол жеткізу оңай болмады. Ал қазіргі уақытта салмағым 51 келіні құрайды», – деп жазды Лидо.

Өз кезегінде желі қолданушылары Лидоның қазіргі сымбаты мінсіз әрі келісті екенін айтып жатты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау