Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Әнші қыздардың бірі деп жорамалдадым”: Мақпал Жүнісованың қымбат бұйымы қолды болды

Мақпал Жүнісова ұрылардың арбауына түсті. Халық артисінің қымбат бұйымы қолды болды. Бір қызығы, Жүнісова мұны әріптестерінен немесе солардың жанында жүрген көмекші қыздардан көріп отыр, деп жазады Stan.kz.

Мақпал Жүнісова

Жүнісованың айтуынша, сырға мен сақинаны әлдебіреу Астанада өткен “Ән мен әнші” концертінен кейін сөмкеден ұрлап кеткен.

“Барлық жамандық осы сырға мен сақинаны ұрлаған адаммен бірге кетсін, Астанада өткен “Ән менен Әнші” концертінен кейін көзден ғайып болды, жалпы ұрлық түбі қорлық екенін ұмытпаған абзал, әнші қыздардың бірі немесе сол қыздардың жанында жүрген бояндырып, киіндіріп жүргендерден деп жорамалдадым, өйткені киінетін жерге бәрі кіріп алып еді, одан кейін Қарақаттың үйіне дәмге шақырды, ол жерде мен кішірек сырғамен болдым, өте ыңғайсыз екен, бұдан кедей боп қалмаспын, дегенмен өте сақ болатын болдық”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау