Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Ділназ Ахмадиева ағылшын тіліндегі альбомының тұсауын кесті (фото, видео)

Соңғы кездері түрлі жаңалығымен тыңдармандарын қуантып әрі мұңайтып жүрген Ділназ Ахмадиева көптен бері әзірлеп жатқан “Strength in my soul” атты альбомының тұсауын кесті.

image

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Әсем даусымен еліктіріп, өзіндік тыңдармандарын қалыптастырып үлгерген әнші Ділназ Ахмадиева туған күнінде журналистерге берген сұхбатында 8 наурыз мерекесінің қарсаңында жаңа альбомын таныстыратынын айтқан болатын. Алайда белгісіз себептерге байланысты таныстырылымы кейінге қалдырылған. Бұған жеке өміріндегі мәселелер әсер етсе керек.

асаль калиева

Фото: instagram.com/asselkalieva/

13108998_236246363406435_451576438_n

Әнші сәуірдің 27-і күні “Strength in my soul” атты жаңа альбомының тұсауын кесті. Аталған альбомда қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі әндер бар. Ал қуанышын бөлісуге өнер мен өмірдегі достары Лидо Досалина, Луина, Мақпал Исабекова, Рано Омарова, Арнұр Ыстыбаев, Нағима Есқалиева, Әлен Самыкенов және т.б. жұлдыздар келді.

13099089_272344606433895_1096781330_n

Фото: instagram.com/arnuristybayev/

12976218_1031964226887051_1016239616_n

рано

Фото: instagram.com/ranosha_umarova/

“Біз өмір сүріп отырған әлемнің басты заңы – қалай да энергияны сақтап қалу. Ешнәрсе ешуақытта түбегейлі ғайып болып кетпейді. Тек бір жүректен екіншісіне беріліп отырады. Жүрегімнің махаббатқа толы болғандығы соншалық, оны өздеріңізбен бөліскім келеді!” – деп әнші жүректен шыққан әндерінің тыңдарман құлағына жетіп, оң бағасын алар деген үмітін жасырмады.

Әнші өзінің 35 жас мерей тойында “Көз алдымда” атты қазақ тіліндегі альбомының тұсауын кескен болатын.


Оқи отырыңыз:

Ділназ Ахмадиева өзінің дене бітімін қобызға ұқсатты

Ділназ Ахмадиева сымбатты болуының сырын ашты

Бүгін Ділназ Ахмадиева 35 жасқа толды

Кекіл немесе кекілсіз: Қай жұлдызға қандай шаш үлгісі жарасады?

Ділназ Ахмадиеваның жүрегін жаулаған жігіт кім

Талқылау