Әнші болмағанда кім болар еді: Сәдуақасова дзюдомен айналысқанын мойындады

Сәрсенбі, 16 Қараша , 2016 11:25

Нәзік дауысты, сұлу да сымбатты Мәдина Сәдуақасова кезінде дзюдомен айналысқан деп біреуден естісек, сенбес едік. Алайда әншінің өзі мойындап тұрғанда, бұған иланбасқа амалымыз жоқ.Қазақ сахнасының жарқын жұлдызы Мәдина Сәдуақасова 14 жасында дзюдомен айналысқанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

madikosh_15

Мәдинаның алған бетінен қайтпай, табанды әрі берік мінезді болып тәрбиеленуіне оның дзюдодан жаттықтырушысы Ишанбек Жұмабаев өз септігін тигізген ұқсайды.

«Бұл кісіден 14 жасымда Дзигоро Кано туралы білдім. Иә, иә, мен 8 бен 9 сыныпта оқып жүргенде дзюдо секциясына қатыстым, ал Ишанбек аға менің алғашқы және соңғы тренерім. Көргеніме өте өте құаныштымын!» – деп жазды Сәдуақасова желідегі парақшасында.

Әнші жаттықтырушысының «шабуылда, тек шабуылда», «аяғыңда нық тұр» деген сөздерін есіне алды. Сондай-ақ, Мәдина жаттықтырушысының оның рухани жағынан мықты болуға, қиыншылықтарға төтеп беріп сынбауға, жігерлі әрі қайратты болуға тәрбиелегенін айтып қалды.

Осыған қарап әншінің 20 жыл бойы сахнада жарқырап жүруіне оның спорт жаттықтырушысының септігі тиген деп топшылауға болатын шығар.

Жіберіп алмаңыз:

Түсіпбаева: Дизайнерлер біреудің тапсырысымен мені «талғамсыз әнші» деп атаған

“Ninety one” тобы халық әнін орындап айды аспанға бір-ақ шығарды (видео)

Ұлықпан Жолдасов тағы да келін түсірді (видео)

Жанна Орынбасарова: Тұрмысқа шықпағаныма өкінбеймін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар