Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Бейбіт Қошқалиев “Алла” сөзіне ұқсайтын тауды суретке түсіріп жариялады

Әнші Бейбіт Қошқалев “Алла” сөзі жазылған тауды көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды.

“Таудағы қыртыс «Алла» деген жазуға қатты ұқсайды. Осы мекенге (xалқына) әрдайым Алласын ұмыттырмайтын тау”, – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Бұл Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылы.

“Керемет жер. Қасиеті бары сөзсіз. Құдайдың игілігі түскен жер. Табиғаты да тамаша, мұндай жерде тұрған халқы да бақытты шығар”, деп жазады желідегілер.

Бұған дейін желіде шетелдіктердің дәл осы тау қыртысындағы “Алла” сөзін көріп таңғалғаны қызу талқыланған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау