Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анна Седокова Анатолий Цой екеуінің ара қатынасы жайлы айтты

Анна Седокова желідегі парақшасына Анатолий Цоймен және бүлдіршінмен бірге түскен суретін жариялаған соң желі қолданушыларының қызу талқысына түскен еді.

«Мен Анатолийдің фанаттарына түсіністікпен қараймын. Сіздерді жақсы көрем. Бірақ Анатолий екеумізді тек достығымыз ғана байланыстырады. Мен оның талантын құрметтеймін», – деп жазады Седокова.

Желі қолданушыларының көбі бұл жауапқа таңырқай қараса, енді бірі олардың тек дос екенін  бұрыннан біліп жүргендерін жазды.

Седокова бұған дейі Цоймен түскен «той суретін» жариялап «Қызымды мектепке шығарып салдым. Енді 35 минут бос уақытым бар. Сол уақытта күйеуге шықсам ба деп ойланып тұрмын» деп жазған болатын.

Анна Седокова “Хочу к Меладзе” шоуында Аннатолий Цойдың жетекшісі болған-ды. Бүгінде танымал әнші жас жігітімен құшақтасып түскен суреттерін жариялады. Мұнымен қатар, суреттің тұсына “Менің баға жетпес асылым” деп жазып қойған еді.

Тағы да оқыңыз:

Желіде қазақ-қырғыз шекарасынан тараған видео бірнеше жыл бұрын түсірілген

Атамбаев шекарадағы жағдайға қатысты ЕАЭО отырысын өткізуге бастама көтермек

Аружан Саин ауруханаға түсті

Талқылау