Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анкарадағы жойқын теракті 28 адамның өмірін қиды

Түркия астанасы Анкарада қуатты жарылыс болды. Түрік билігінің алдын ала болжамына қарағанда, бұл автомобильге қойылған жарылғыш заттың іске қосылуынан орын алған.

1376351813

Сурет © AFP 2016/ Stringer

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Жарылыс әскерилер жатақханасын бүлдірген. Түріктің NTV телеарнасының деректеріне қарағанда, жарылыс Түркия бас штабының көлігі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған кезде болған.

Сәл кейінірек Түркияның биліктегі Әділет және даму партиясының өкілі Омер Челик Анкарадағы әскерилер жатақханасы маңында болған жарылысты «теракт» деп мәлімдеді. Теракт нәтижесінде 61 адам жарақат алып, 28 адам қайтыс болған. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Түркия вице-премьері бұл тек әскерилерге ғана емес, барлық түрік халқына қарсы жасалып отырған шабуыл екенін айтты.

Алдын ала деректерге қарағанда, осында тұрған автомобильдегі бомба іске қосылған. Осы оқиғаға байланысты Түркия президенті Тайып Ердоған Әзербайжанға жоспарлаған ресми сапарын, Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы Брюссельдегі СІМ басшылары кездесуіне сапарын тоқтатты.

Талқылау