Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анкарада жойқын жарылыс болып, 34 адам ажал құшты

Өткен түнде 13 наурыз күні Анкарада жойқын жарылыс болып, 34 адам ажал құшып, 125 адам жарақат алған.

1389251117

Сурет reuters

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Жарылыс 13 наурыз күні кешке қарай автобус аялдамасында болған. Бір автобус пен бірнеше жеңіл көлік тұтастай жанып кеткен, сондай-ақ көптеген адам жараланған.

Алдын ала болжам бойынша, мина қойылған көлік жарылған. Оның қасына автобус таяғанда жарылғыш зат іске қосылған. Полицейлер оқиға орнын қоршауға алды, ол жерде жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бұл теракт Түркияда соңғы айларда орын алып отырған бесінші ірі террорлық шабуыл болып отыр. Премьер-министр Ахмет Дәуітоғлы шұғыл қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, жиын қорытындысы бойынша министрлер алғашқы мәлімдемелерін жасап та үлгерді.

“30 адам сол мезетте көз жұмса, төртеуі ауруханада көз жұмды. Біз қайтыс болғандардың ішінде бір-екі терроршылар да болды деп болжап отырмыз. 125 адам ауыр жарақат алды, олардың 14-інің жағдайлары ауыр, қазір ауруханаларға орналастырылды”, – деп мәлімдеді Түркияның денсаулық сақтау министр Мехмет Мюеззиноглу.

Елдің ішкі істер министрі Эфкан Ала Түркия билігі жарылысты ұйымдастырған ұйымның атауын дүйсенбі күні жариялайтындарын айтты.

“Бүгін Анкарадағы қоғамдық көліктерге арналған аялдамада бомба қойылған көлік жарылып аса ірі жарылыс орын алды. Біздің қолымызда қазір сенімді мәліметтер бар. Зерттеудің алғашқы қорытындылары ертең шығып қалуы мүмкін. Зерттеу толық соңына дейін жеткізілген соң, біз терактіні ұйымдастырған ұйымның кімдер екенін жария етеміз”, – деді Ала.

Талқылау