Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ангола президенті 40 жылдан соң биліктен кетуді ұйғарды

40 жыл бойы елдің билік басында болған Ангола президенті Жозе Эдуарду душ Сантуш, 2018 жылы болатын президенттік сайлауға қатыспайтындығын мәлімдеді.

1240419_original1

Сурет minval.az

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Мен биліктен кетуді, сөйтіп 2018 жылы саяси өмірімді аяқтауды ұйғардым», – деді 73 жастағы саясаткер елдің биліктегі партиясына жолдаған өз үндеуінде.

Душ Сантуш 1978 жылдың қыркүйегінен бері президенттік лауазымда. Ол бұдан бұрын өзінің саяси мансабын 2001 жылы аяқтауды мәлім еткен болатын. Бірақ кезекті рет қайта сайланып, билік басында қалған еді.

Еске сала кетсек, Ангола әлемде мұнайды экспортқа шығару көлемінен екінші орында. Ал мұнай бағасының құлдырауы бұл елдің экономикасына қатты әсер етті.

Талқылау