Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Англияда қарыны ашпайтын, шаршауды білмейтін 7 жасар бүлдіршін бар

Ағылшынның Хаддерсфилд қаласының жеті жасар тұрғыны Оливия Фарнсворт қарапайым қыз болып көрінуі мүмкін, алайда бұл олай емес.

оливер

Ол үшін ашығу, шаршау және ауыру сезімдері жат, деп хабарлады planetanovosti.com.
Оливия сирек кездесетін хромосомалық ауытқушылықтан зардап шегеді, деп жазды Metro.

Қыздың анасы Ники айтқандай, Оливияны көлік соққанда, ол еш нәрсе болмағандай тұрып, ары қарай жүріп кеткен. Сонымен қатар, Оливия бірнеше жыл бұрын ернін қатты зақымдап алды, алайда ол ауырғанды сезбеді. Оның келбетін қалыпқа келтіру үшін пластикалық ота жасауға тура келді, деп хабарлады TJ.

Қазір Ники қызындағы ауытқушылықтарды зерттеп, оны емдеу жолдарын іздеу үшін қаржы жинап жатыр.

Талқылау