Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анджелина Джоли Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің профессоры болды

Танымал голливудтік актриса Анджелина ДжолиЛондон экономика және саяси ғылымдар мектебіне оқытушы болып тағайындалды.

ьтимс

Сурет buro247.kz

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Университетте жақында әйелдер проблемасы, әлем және қауіпсіздікке арналған жаңа зерттеу орталығы ашылмақ. Сол жерде Джоли БҰҰ-ның босқындар мәселесі бойынша жоғарғы комиссар басқармасының елшісі ретінде сөз сөйлейді.

“Осындай бағдарламаның құрылғанына қатты қуаныштымын. Өзге оқу орындары да осыдан үлгі алады деп ойлаймын. Бұл әйелдер құқығын қорғауға байланысты кең талқылауға жол ашады”, – деді актриса университет өкілдері алдында.

Алдағы уақытта Джоли дәріс оқып, қоғамдық іс-шаралар мен зерттеулерге қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, ол гендерлік теңдіктің дамуы жайында, әйелдердің эконмикадағы, саясаттағы, қоғамдағы қауіпсіздігі мен рөлінің күшеюі хақында жұмыс жүргізбек.

Анджелина Джоли актриса, фотомодель, режиссер, сценарист және БҰҰ ерікті елшісі ретінде танымал. Ол 1975 жылы 4 маусымда Лос-Анджелесте дүниеге келген. Ең алғаш рет 1982 жылы киноға түсті.

Талқылау