Анджелина Дональд Трамптың пікіріне қарсы болып, мұсылмандарды қолдайтынын білдірді
Кино әлемінде өзіндік орны бар актриса Анджелина Джоли АҚШ президенттігінен үміткер Дональд Трамптың мұсылмандар жайлы пікіріне қарсылық білдіріп, оның Америка саясатына кері екенін айтты.

Сурет: woman.ua
Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өткен мәжілісте Анджелина баяндама жасады.
“Мен үшін Америка еркіндік іздеген әлемнің барлық азаматтарына арналғандай. Соның ішінде, діни бостандық іздеушілер үшін. Сондықтан да президенттіктен үміткер адамның мұсылмандар жайлы мағынасыз сөйлеуі маған ауыр тиді”, – дейді актриса.
Бұған дейін Дональд Трамп мұсылмандардың АҚШ-қа кіруін тоқтатуға шақырған. Ол сайлауда жеңіске жеткен жағдайда осы ойын жүзеге асыратынын да айтып өткен.
Актриса бүгінде әлем бойынша 60 миллион адамның босқын есебінде тұрғанын, мұндай көрсеткіштің соңғы 70 жыл ішінде болып отырғанын атап өтті.
Жіберіп алмаңыз:
Мұхаммед Әли исламды қорғап, Дональд Трампқа сырттай жауап қатты
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық