Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дональд Трамп мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізбеу туралы ойын іске асырмақшы

Дональд Трамп Республикалық партия атынан президенттікке үміткерлер ішіндегі лидері. Оның айтуынша, жеңіске жеткен жағдайда барлық мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізуге тыйым салады.

10763059

Сурет: Associated Press

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Америка миллиардері Дональд Трамп бейсенбі күні АҚШ-қа барлық мұсылмандарды кіргізбеу туралы айтқан ойын растады.

«Саяси мәселелер шешімін табатын уақыт жетті. Бізде радикалды исламға қатысты мәселелер орын алып жатыр», – деді ол сайлауалды телесайысқа кірер алдында.

Кәсіпкер бұл бастаманың мұсылмандар да арасында қолдауға ие болғанын айтады.

«Менің мұсылман жолдастарым көп. Барлығы болмаса да, біразы менің бұл пікірімді қолдайтындарын айтты», – дейді ол.

Талқылау