Андрей Малахов Ресейде 48 жолаушыны құтқарған қазақ жігітін бағдарламасына шақырды
Ресей тележүргізушісі Андрей Малахов 48 жолаушыны аман алып қалған Ержан Амархановты бағдарламаға шақырды.

Фото: Жания Уранкеева
Бұл жайлы Ержан Амархановтың өзі айтты, деп жазады Sputnik.
«Андрей Малахов жүргізетін Ресейдің «Прямой эфир» бағдарламасынан редакция қызметкерлері хабарласып қонаққа шақырды. Мен келісімімді бердім. Алдағы аптадағы көрсетіліміне қатысамын», – деді ол.
Айтуынша, оның жолына кететін шығынды телеарна басшылығы төлейді.
Айта кетейік, Ержан Амарханов Ресейді 48 жолаушыны құтқарып қалған еді. Ол жолаушыларды құтқару үшін автобус жүргізушісін соққыға жыққанын, оқиғаның қалай болғанын баяндап берген болатын.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған