Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы ұлының қызтеке екенін білген сон оны пышақтап өлтірген

Бразилияда анасы 17 жастағы ұлының сексуалды көзқарасы өзгеше екенін білген соң, оны пышақтап өлтірді.

92edea8d5a5c3ef03b23545e3c593a6a__1440x

32 жастағы анасы Татьяна Лозано Перейра алдымен екі киллер жалдаған. Алайда, олар тапсырманы орындай алмайды. Сосын анасы пышақ алып ұлын өзі өлтірген. Оның денесін жасыруға күйеуі, ұлының өгей әкесі көмектеседі. Олар мәйітті айдалаға апарып өртеп тастайды.

17 жастағы Итаберли Лозаноның жоғалғаны туралы әжесі хабар береді. Ол ұлдың әкесінің анасы. Полицейлер ұлының жоғалғаны жөнінде хабар бермегендіктен анасы күдікке алады.

Мәйіттің қалдықтары жақын жердегі жазық даладан табылған. Әйел кінәсін мойындап, қылмысқа ұлының гомосексуалды болғаны себеп болғанын айтқан. Қазір тергеу жүріп жатыр. Анасы қамауға алынды.

Жіберіп алмаңыз:

Пәкістанда анасы өзінің туған қызын тірідей өртеп жіберді

Иранда тәнін көрсетіп селфиге түскен спортшы қыз қамауға алынды

Үндістанда мектеп директоры мен үш мұғалім 12 жастағы қызды асқан қатыгездікпен зорлаған

Италиялық архиепископ: Біз бәріміз 10 жылдан соң мұсылман боламыз

Талқылау