Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы талып қалды: Түркістанда ішінде жасөспірімдер ұйықтап жатқан үйді сүріп тастамақ болды (видео)

Түркістанда бір үйді сүріп тастамақ болғандар қайғылы жағдайға себеп бола жаздады. Коммуналдық қызмет қызметкерлері үйде адамдардың бар-жоғына көз жеткізбей, жұмысқа кірісіп кеткен. Алайда үйдің ішінде екі жасөспірі болған.

Түркістанда ішінде жасөспірімдер ұйықтап жатқан үйді сүріп тастамақ болды (видео)

Бұл туралы «Отырар» порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Коммуналдық қызмет қызметкерлері үйден иелерінің заттары салынған сөмкелерді шығарған. Алайда ұйықтап жатқан жасөспірімдерді байқамапты. Техниканың даусынан оянып кеткен олар үйден жүгіріп шыққан екен.

Үйінді астында қалып қоя жаздағандардың бірі – Жандос Нарымбай. Ол әкімдік қызметкерлерінен көшуге көмектесулерін сұрап, көзіне еріксіз жас алды. Ал коммуналдық қызмет өкілдері өз жұмысына кірісіп кетті.

Сондай-ақ, оқиға салдарынан жасөспірімдердің анасы ауруханаға түсіп қалды. Үй сүріліп жатқан кезде әйел туыстарының үйінде болған. ол балаларының үйінді астында қалып қоя жаздағанын естіп, есінен танып қалыпты.

Ал Түркістан әкімінің баспасөз хатшысы Мадина Байғұт үйдің иесі Мұхамеджан Омаров есімді азамат екенін айтты. Барак түріндегі үйді сүруге жіберу баспананың иесімен келісілген. Ол әкімдіктен өтемақы ретінде 9,6 миллион теңге алыпты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау