Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы құрсағындағы сәбиінен қауіпті дертті жұқтырып алған

Дания тұрғыны сирек кездесетін ауруға шалдығып, қайтыс болды. Ол мұндай дертті 53 жыл бұрын жүкті болған кезінде құрсағындағы сәбиінен жұқтырған.

Анасы құрсағындағы сәбиінен қауіпті дертті жұқтырып алған

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оның күйеуі 20 жыл бұрын Крейтцфельдт — Якоб дертінен қайтыс болған екен. Оның өлімінен кейін әйел ДНҚ талдауын тапсырып, талдау нәтижесі оның сау екенін көрсетіпті. Алайда әйел 70 жасында дәл осы аурудың салдарынан көз жұмды.

Копенгаген универстетінің ауруханасының мамандарының болжамынша, әйел аталған дертті 50 жыл бұрын жүкті кезінде жұқтырған. Оның бүгінде 53 жасқа толған ұлының бойынан Крейтцфельдт — Якоб дерті анықталыпты.

Дәрігерлердің пікірінше, аталған дерт оған әкесі арқылы беріліп, мұнан кейін ол құрсақта жатқан кезде дертті анасына жұқтырған.

Биологтардың сөзінше, прионның улы ақуыздары бар эмбрион жасушалары сәбидің жолдасы арқылы қан айналымына түсіп, уақыт өте келе миға жеткен.

Крейтцфельдт — Якоб дерті кезінде мидың үлкен жарты шары мен басқа да бөліктерінің қыртыстары зақымдалып, салдарынан адамның өліміне алып келеді. АҚШ-тың Ұлттық денсаулық институтының мәліметіне сәйкес, бұл дерт миллион адамның біреуінде кездеседі екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау