Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық ультрамарафоншы Дин Карнасис Шымкентте өмір сүргісі келетінін айтты (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Жібек жолы кеден бекетінен аты әлемге әйгілі АҚШ-тың ультрамарафоншысы Дин Карнасисті аудан тұрғындары мен спортшылары салтанатты түрде күтіп алды.

спортшы

Қазақстан Республикасы мен Америка құрама штаттарының мемлекеттер арасындағы дипломатиялық ара қатынасының 25 жылдығына орай, американдық жүгіру марафоншысы Дин Карнасис Ұлы Жібек жолының Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан Республикаларын 29 маусым мен 10 шілде аралығында жүгіріп өтпек. Ультрамарафон АҚШ мемлекетінің демеушілігімен екі ел арасындағы дипломатиялық арақатынастың 25 жылдығы аясында өткізілуде.

Спортшы жергілікті халықтың қонақжай екеніне таң қалған. Тіпті «қазақтың еті мен Шымкент палауының дәмі  тіл үйіреді» дейді ол. Қазақстан жайлы  алғашқы ақпаратты  «Бораттан» алған Дин Карнасис  ойының түбегейлі өзгергенін айты қала тұрғындарына. Шымкентке ғашық болған спортшы журналистерге берген сұхбатына сол аймақта өмірінің соңғы сәтіне дейін тұруға қарсы еместігін айтқан.

Жүгіруді Ташкент қаласынан бастаған Дин Карнасис Қазақстан арқылы Қырғызстан Республикасына жетіп, қайта Қазақстан Республикасына оралып, Алматы қаласында марафонды аяқтауды жоспарлап отыр.
Ал Сарыағаш ауданынан жүгіріп өткенде спортшы ондағы жергілікті жастармен, студенттермен және осы спорт түріне қызыққан жұртшылықпен бірге межелі жерді жүгіріп өтті, деп хабарлайды  ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

 

Талқылау