Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық фотограф екі басты жыланды суретке түсіріп алды (фото)

Канзастық фотограф Джейсон Толботт екі басты жыланды суретке түсірді, деп жазады Би-Би-Си агенттігі.

екі-басты.jpg4

Жыланды Толботтың достары тауып алған. Оны естіген фотограф бауырымен жорғалаушыны суретке түсіруге асыққан.

«Мен жыланның түр-түрін суретке түсіргенді жақсы көремін. Қазірдің өзінде  мен олардың жүздеген түрлерін түсірдім. Тіпті кейбірі мені шағып алған болатын. Бір жақсысы олар улы жылан емес болатын», – дейді фотограф.

 

екі-басты

Екі басты жыланның бір басы екіншісіне қарағанда ызақорлау болған. Табиғатта екі басты жыландар кездеседі, алайда олар бірнеше ай ғана өмір сүреді.

 

екі-басты.jpg1

«10 мың жыланның ішінде бір жылан екі басты болып жаралады. Алайда бұл нақты дерек емес өйткені олар адам көзіне түсе бермейтін тіршілік иелері. Алайда қос басты жыланның ғұмыры қысқа», деп түсіндіреді фотограф.екі-басты.jpg2 екі-басты.jpg3

 

 

Талқылау