Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық азаматты жасамаған қылмысы үшін өлім жазасына кесе жаздады

Американың Техас штатының сот шешімі бойынша, америкалық Джеффри Вудты 24 тамыз күні өлім жазасына кесу керек болған. Алайда, апелляциялық сот бұл жазаны ауыстырды.

SLAIDER31

1996 жылы Джеффри Вуд дүкен тонау қылмысымен істі болған. Оның серігі ақша беруден бас тартқан сатушыны атып тастаған. Осы кезде Вуд төмендегі автотұрақта болғаны үшін өлім жазасына кесілген. Елдегі заңға сәйкес, бір жоспар құрған ұйымдасқан қылмыс үшін қатысушылардың бәрі жазаланады. Тіпті жоспар алдын ала келісілген болмаса да осындай жаза тағайындалады.

Апелляциялық сот шешімнің жалғандыққа құрылғанын және қате айғақтар келтірілгенін айтып жазаны өзгертті.

Алғашқы сот шешімі сот психиатры Джеймс Григсонның айғақтарын есепке алған. Григсон айыпталушыларды тексеруден өткізбестен өлім жазасына кесуді жөн деп шешкен. Психиатрлар қоғамы Григсонды 1995 жылы қатардан шығарғанын мәлімдеген. Алайда, сот алқалары бұл жайында бейхабар болған.

Жіберіп алмаңыз:

Иранда жасөспірімді зорлады деген айыппен 19 жастағы гейді өлім жазасына кесті

Сауд Арабиясында 14 адамды тәртіпсіздігі үшін өлім жазасына кесті

Белоруссияда жұмыстас 2 қызды зорлаған маньякты өлім жазасына кесті

Қытайда 7 адам өлтірген күтуші әйел өлім жазасына кесілді

Талқылау