Америкада тегін тамақтандыратын мейрамхана ашылды

Сәрсенбі, 16 Наурыз , 2016 12:25

Американың Канзас-Сити қаласында мұқтаж жандарды тамақтандыруға арналған арнайы мейрамхана өз жұмысын бастады.

Ad3J3sc (1)

Сурет: muz4in.net 

Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Кіреберістен күтіп алып, дастарханға жайғастырып, қолыңызға ас мәзірін ұсынатын бұл мейрамхананың қызмет көрсетуінде басқалардан еш айырмашылық жоқ. Басты ерекшелік ауқаттанып болғасын ақша төлемейсіз. Ол үшін жұмыс күндері сағат 11.00-14.00. аралығында келсеңіз болғаны.
Бұл жердегі тағамдарды Канзас-Ситидегі атақты мейрамханалардың қожайыны Майкл Карридың өзі дайындайтын көрінеді. Ол өзінің бір кездері мұқтаждықта өмір сүргенін, қайырымды жандардың көмегімен талай рет тегін тамақтанғанын есіне алады. Еңбегі жанып, бүгінде байлыққа қолы жеткен ол мұқтаж жандарға осылай жәрдемдесуді жөн санаған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар