Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америка тұрғыны шатасып мектептен бөтен баланы алып кеткен

Американың Оңтүстік Каролина штатының тұрғыны мектептен өз немересін емес, бөтен баланы алып қайтқан. Ер адам мен оның әйелі баланың бөтен екенін үйіне барғанда ғана біра-ақ білген.

670-600x338

Сурет: medialeaks.ru 

Полицейлердің айтуынша, 65 жастағы Джозеф Фуллер немересін алып қайту үшін  жергілікті мектептің біріне әйелімен бірге көлігімен келген. Ол көлігінен түсіп оқушының бірін құшақтап оны өзімен бірге алып кететінін айтқан.

Оқушы ер адамға онымен баруға дайын екенін айтқан. Ал, жауапты мұғалімнің «Сенің атаң ба?» деген сұрағына да «Иә» деп жауап берген. Ал, зейнеткердің әйелі көліктің артында отырған балаға бұрылып қарамастан, оған тамақты ұсынған.

Олар үйлеріне келген соң ғана әйелі баланың бөтен екенін аңғарған. Содан кейін ғана зейнеткер оны қайтадан мектепке апарып тастаған. Ол кезде баланы анасы күтіп отырған.

Осы оқиғадан кейін мектеп басшылығы оқушының алып кететін адамның кім екенін анықтап айтып беруін талап ететін болды. Ал, қызметкерлер мектептен шыққан әрбір оқушыны қатаң бақылауға алды.

Талқылау